31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы

422 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мы­на заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қа­зақ­стан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құ­жат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құ­жат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құ­жат; № 20, 152-құжат; № 24, 180- құ­жат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құ­жат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат): 1) 9-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын; 2) 10-бапта: 4-тармақ «жер учаскелерi бойынша,» де­ген сөздерден кейін «осы баптың 4-1- тар­мағында көрсетілген жерлерді қоспа­ғанда,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Елді мекендердің шегінен тыс ор­наласқан, осы Кодекстің 97-бабына сәйкес ауыл шаруашылығының жұмыс істеуі үшін қажетті үйлер (құрылыстар, ғима­рат­тар) салынған, шаруа немесе фермер қо­жалығын және ауыл шаруашылығы өнді­рісін жүргізу үшін берілген (берілетін) жер учаскелері бойынша, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, кадастрлық (бағалау) құны жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсаты үшін жеке меншікке берген кезде оларға тө­лем­ақының базалық ставкаларының мөлше­рiне негiзделе отырып айқындалады.»; 3) 12-баптың 22), 24) және 40) тармақшалары «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын; 4) 19-1-бап «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын; 5) 33-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі, алтыншы бөлігінің бірінші абзацы және 2-тармағының 6) тармақшасы «Жер пайдалану», «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын; 6) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі. Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.»; 7) 37-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігі «ұзақ мер­зiм­дi жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы: 1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін: Қазақстан Республикасының азаматта­ры­на – 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге; оралмандарға – 10 жылға дейінгі мерзімге; 2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына – 49 жылға дейінгі мерзімге; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адам­дар­ға 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.»; 8) 43-баптың 1-тармағының 6-1) тар­мақ­шасы және 9-тармағы бірінші бөлі­гі­нің төртінші абзацы «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөз­бен толықтырылсын; 9) 46-баптың 2-тармағы «Оралман­дар­ға» деген сөзден кейін «шаруа немесе фермер қожалығын және» деген сөздермен толықтырылсын; 10) 97-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: 1) Қазақстан Республикасының азамат­та­рына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жеке меншiкке; 2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруа­шылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру үшін, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруа­шылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беріледі. Пайдалануға беру мерзімі кемінде он жылды құрайтын шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру жағдайларын қоспағанда, жер учас­кесiн көрсетілген мақсаттар үшiн жер пайдалану құқығымен беру мерзiмi кемiнде бес жылды құрайды. Жер учаскесiн осы тармақшада көрсетілген мерзімдерден аз мерзiмге беруге оны алуға мүдделi өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi; 3) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер пай­далануға берiледi.»; 11) 101-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «өтеулі уақытша жер пайдалану құқығымен» деген сөздер «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметін тоқтататын ша­руа немесе фермер қожалығының жер учаскесін сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүл­кін сатып алған және арнайы ауыл ша­руашылығы білімі мен біліктілігі бар Қа­зақстан Республикасының азаматтарына беріледі.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен то­лықтырылсын: «3-1. Осы Кодекстің 10-бабының 4-1-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қо­жалығы өзіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тиесілі, үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскелерін, оларды пайдалану және олар­ға қызмет көрсету үшін қажетті жерімен қоса сатып алуға құқылы. Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскелерін, оларды пайдалану және оларға қызмет көрсету үшін қажетті жерімен қоса сатқан немесе сыйға тартқан кезде сатушының бүкіл жер учаскесіне тиісті құқығын алуға сатып алу­шы­ның басым құқығы болады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Азаматтың өтініші және осы өті­нішке қоса берiлген, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдар оған жер учаскесіне құқықты ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.». 2. «Қазақстан Республикасында зей­нет­ақы­мен қамсыздандыру туралы» 1997 жыл­ғы 20 маусымдағы Қазақстан Респуб­ли­касының Заңына (Қазақстан Республи­касы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құ­жат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құ­жат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құ­жат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат): 22-1-баптың 2-тармағының екінші бөлі­гіндегі «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауысты­рыл­сын. 3. «Шаруа (фермер) қожалығы тура­лы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақ­стан Рес­публикасының Заңына (Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Парламентінің Жар­шы­сы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат, 2001 ж., № 24, 338-құ­жат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-қ­ұ­жат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құ­жат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құ­жат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құ­жат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 1) тақырыптағы және бүкіл мәтін бой­ынша «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) бүкіл мәтін бойынша «қолданылып жүрген заңдарға», «қолданылып жүрген заң­дарда» деген сөздер тиісінше «Қазақ­стан Республикасының заңнамасына», «Қа­зақстан Республикасының заңнама­сын­да» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 1-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «отбасылық-еңбек» де­ген сөздер «еңбек» деген сөзбен ауыс­ты­рылсын; екінші бөлікте: «және заңды тұлға белгiлерi болмаған жағдайда» деген сөздер алып тасталсын; «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақ­стан Республикасының азаматтары және (немесе) оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер Қазақстан Республикасының заң­да­рында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Рес­публикасының азаматтары туралы осы Заң­ның ережелері оралмандарға қолданы­ла­ды.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазыл­сын: «2. Шаруа немесе фермер қожалы­ғы­ның мүшелерi ортақ шаруашылықты бiр­ле­сiп жүргiзетiн жұбайлары, жақын туыс­та­ры (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (аға-қарындастары), ата­ла­ры, әжелерi, немерелерi) және басқа да адамдар болып табылады.»; 3-тармақтың төртінші абзацындағы «ша­руашылық қызметі» деген сөздер «қыз­мет» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазыл­сын: «4. 18 жасқа толған, Қазақстан Респуб­ли­касының іс-әрекетке қабілетті азаматы шаруа немесе фермер қожалығының бас­шысы бола алады.»; 5-тармақ алып тасталсын; 4) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын: «1-1-бап. Шаруа немесе фермер қожа­лығының басшысы мен мүшелерінің құ­қық­тары және міндеттері 1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы: 1) жеке және заңды тұлғалармен қаты­нас­тарда шаруа немесе фермер қожалы­ғының мүдделерін білдіруге; 2) Қазақстан Республикасының заңда­рын­да тыйым салынбаған азаматтық-құ­қық­тық мәмілелерді жүзеге асыруға; 3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожа­лық мүшелерінің біреуіне өзінің функ­цияларын орындауға уәкілеттік беруге; 4) шаруа немесе фермер қожалығы қыз­метінің негізгі бағыттарын айқындауға; 5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге; 6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға; 7) осы Заңда және Қазақстан Респуб­ликасының өзге де заңдарында көзделген өз­ге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. ­2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы: 1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдас­тыруға; 2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға; 3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайын жасауға; 4) жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республи­касының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс берушінің актілерін шығаруға; 5) осы Заңда және Қазақстан Рес­пуб­ли­касының өзге де заңдарында көзделген өз­ге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері: 1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында белгіленген тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға; 2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының бухгалтерлік есебінің, есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға; 3) шаруа немесе фермер қожалығы мү­шелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа мүшелердің заңсыз іс-әрекеттеріне шағым жасап жүгінуге; 4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағымдануға; 5) осы Заңда және Қазақстан Респуб­ликасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері: 1) шаруа немесе фермер қожалығы мү­шелерінің жалпы жиналысының шешімдерін орындауға; 2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға; 3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, бұл туралы қожалықты тіркеген органға ортақ өтініш беріп хабарлауға; 4) осы Заңда және Қазақстан Республи­ка­сының өзге де заңдарында көзделген өз­ге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.»; 5) 2-бап мынадай редакцияда жазыл­сын: «2-бап. Шаруа немесе фермер қо­жа­лы­ғын құру 1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі. 2. Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ша­руа немесе фермер қожалығының бас­шы­сына беріледі. Куәлікке салық органы­ның тиісті аумақтық бөлімшесінің бас­шы­сы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.»; 6) 4-бап мынадай редакцияда жазыл­сын: «4-бап. Шаруа немесе фермер қожа­лығының меншiгi 1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартпен өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады. Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйым­дас­тырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады. Жеке кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады. 2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелері, жер учаскесiндегi екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз жә­не (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және бас­қа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұ­мысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруа­шылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, керек-жарақтар және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкін. 3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiс­тер, өнiмдер және табыстар шаруа немесе фер­мер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiр­лес­кен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады. 4. Шаруа немесе фермер қожалығы мү­шелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақ­стан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.»; 7) 6-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «49 жылға дейiнгi» деген сөздер «10 жылдан 49 жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылып, «жер пайдалану» деген сөздерден кейін «(жалдау)» деген сөзбен толықтырылсын; үшінші бөлік «сомасын төлеу» деген сөз­дерден кейін «Қазақстан Республика­сы­ның заңнамасына сәйкес» деген сөз­дермен толықтырылсын; 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметін тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесін сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүл­кін сатып алған және арнайы ауыл шаруа­шылығы білімі мен біліктілігі бар Қа­зақстан Республикасының азаматтарына беріледі.»; 4-тармақта: екінші бөліктегі «және шаруашылық серiктестiктiң немесе өндiрiстiк коопера­тив­тiң келiсiмiмен» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөлік «жер учаскесi» деген сөз­дерден кейін «, Қазақстан Республика­сы­ның заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларды қоспа­ған­да,» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазыл­сын: «6. Азаматтың өтiнiшi және осы өті­нішке қоса берiлген, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдар оған жер учас­кесiне құқықты ресімдеу үшiн жергілікті атқарушы органға жіберіледі.»; 8) 8-бап мынадай редакцияда жазыл­сын: «8-бап. Шаруа немесе фермер қожа­лы­ғын жүргізу үшін жер учаскесін беру тәртібі 1. Шаруа немесе фермер қожалығын жүр­гізу үшін өздеріне арнайы жер қоры­ның жері мен босалқы жер құрамынан жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығы берілуіне мүдделі азаматтар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бө­ліністің халыққа қызмет көрсету орталық­та­рына, олар болмаған жағдайда, аудан­ның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына өтініш береді. 2. Өтініште: 1) жер учаскесін пайдалану мақсаты; 2) оның болжамды көлемі; 3) орналасқан жері; 4) сұралып отырған пайдалану құқығы; 5) басқа жер учаскесінің болуы (бол­мауы); 6) шаруа немесе фермер қожалығының құрамы көрсетілуге тиіс. Жер учаскесіне құқық беру туралы өті­нішке шаруа немесе фермер қо­жа­лы­ғының басшысы мен мүшелері қол қояды. Өтінішке: 1) ауыл шаруашылығы өндірісін жүр­гі­зу­дің қысқаша бағдарламасы; 2) өтініш беруші азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 3) тиісті білімі немесе арнайы дай­ын­дықтан өткені туралы құжаттар (олар бол­ған кезде); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттар (олар болған кезде) қоса беріледі. Қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді. 3. Ауыл шаруашылығы ұйымдары же­рінің және ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы жердің құрамынан шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн алатын азаматтар (осы Заңның 6-бабының 3, 4 және 5-тармақ­тары) өтi­нiшке осы баптың 2-тармағында көрсетiл­ген­дерден басқа, бөлiп шығары­ла­тын жер учаскесiнiң орналасқан жерi ту­ра­лы келi­сiлген материалдарды қоса береді. Азаматтардың ауыл шаруашылығы ұйы­мына немесе ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушыларға беретiн, шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн бөлiп шығару туралы өтiнiштерiн олар бiр айдың iшiнде қарауға тиiс. Бұл ретте жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару ауыл шаруашылығы егiс жұ­мыстары басталғанға дейiн не аяқтал­ған­нан кейiн жүргiзiледi. Басқа жағдай­лар­да жер учаскесiн нақтылы бөлiп шы­ға­ру ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншiкке (ортақ жep пайдалануға) қатысушылардың келiсiмiмен жүргiзiледi. 4. Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат онда Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес барлық меншiк иелерi (жер пайдаланушылар) көрсетiле отырып, шаруа немесе фермер қожа­лы­ғы­ның мүшелерiне ресiмделедi. 5. Шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiне құқығы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды.»; 9) 9-баптың 3-тармағында: үшінші бөліктегі «мемлекеттiк тiркеу­ден өткен күннен бастап он жылдан кей­iн» деген сөздер «жер учаскесінің кадастр­лық (бағалау) құнының төмендеген әрбір он пайызы үшін екі жылды құрайтын, жер учаскесімен мәміле жасасуға шек қою мер­зімі өткен соң» деген сөздермен ауыс­ты­рылсын; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Шаруа немесе фермер қожалығын жүр­гізу үшін жер учаскесіне уақытша өтеу­лі жер пайдалану (жалдау) құқығы осындай құқықты сатып алмастан, кепілге, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде берілуі мүмкін.»; 10) 10-баптың 1-тармағының 4) тармақ­шасында: «мемлекеттік қажеттіктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылсын; «алып қойылған (сатып алынған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шыға­рыл­ған» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 11-бапта: 5) тармақшадағы «қолданылып жүрген» деген сөздер алып тасталсын; 7) тармақшадағы «жер туралы заңдар­да» деген сөздер «Қазақстан Республи­ка­сының жер заңнамасында» деген сөздер­мен ауыстырылсын; 12) 12-бапта: 1-тармақта: бесінші абзацта: орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; «алынғанда (сатып алынғанда)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарыл­ған­да» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші абзацтағы «заңдарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңна­ма­­сын» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазыл­сын: «2. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілген және мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскесі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес алып қойылуы мүмкін.»; 13) 18-баптың 1-тармағының 2) тармақ­шасындағы «заңдарда» деген сөз «Қазақ­стан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 20-баптың 4-тармағындағы «азамат­тық заңдармен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнама­сы­мен» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 21-бап мынадай редакцияда жазыл­сын: «21-бап. Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңнама­сын бұзу Қазақстан Республикасының заңда­рында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.». 4. «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңына (Қазақстан Респуб­ли­касы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат): 31-баптың 2-тармағындағы «(фермерлік)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республи­касының Заңына (Қазақстан Республи­касы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011ж., № 1, 2, 3-құжаттар): 7-баптың 1-тармағының 21) тармақ­ша­сындағы және 12-баптың 5) тармақшасын­дағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Қазақстан Республикасындағы ба­ға­лау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қа­ра­шадағы Қазақстан Республика­сы­ның За­ңы­на (Қазақстан Республикасы Пар­ла­мен­ті­нің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құ­жат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 6-баптың 2-тармағының 1) тармақша­сындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақта­ры) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсан­да­ғы Қазақстан Республика­сының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 413-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат): 20-баптың 1-тармағының 2) тармақ­ша­сындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтар­да­ғы Қазақстан Республикасы­ның Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құ­жат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құ­жат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжат­тар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құ­жат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құ­­жаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құ­жат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құ­жат­тар; № 24, 146-құ­жат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақ­стан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жариялан­ған «Қазақстан Республи­касының кейбiр заң­на­­малық актiлерiне медиация мәселе­лерi бойынша өзгерiстер мен толық­ты­ру­лар енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 қаң­тардағы Қазақстан Респуб­ликасының Заңы): 35-баптың 1-тармағының 8) тармақша­сындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Ветеринария туралы» 2002 жыл­ғы 10 шілдедегі Қазақстан Республи­касының Заңына (Қазақстан Республи­касы Парла­мен­тінің Жаршысы, 2002 ж., №15, 148-құ­жат; 2004 ж., № 23, 142-құ­жат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құ­жат­тар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар): 1) 10-баптың 1-тармағының 10) тармақ­ша­сы «ауыл шаруашылығы» деген сөздер­дің алдынан «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдай­ларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақ­шасы «республикалық» деген сөздің ал­ды­нан «ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда,» деген сөздермен толықты­рыл­сын. 10. «Су пайдаланушылардың село­лық тұтыну кооперативі туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Респуб­ликасының Заңына (Қазақстан Респуб­ликасы Парла­ментінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құ­жат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат): 12-баптың 3-тармағындағы «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру ту­ралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қа­зақ­­стан Республикасының Заңына (Қа­зақ­стан Республикасы Парламентінің Жар­шысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құ­жат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат): 1-баптың 12) тармақшасының екінші абзацындағы «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауысты­рылсын. 12. «Қазақстан Республикасындағы мем­лекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Рес­публи­ка­сының Заңына (Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат): 9-баптың 3-тармағының 2) тармақша­сындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын. 13. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жыл­ғы 31 қаңтардағы Қазақстан Рес­пуб­­ли­­касының Заңына (Қазақстан Республи­касы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; №7, 29- құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жа­рияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сауда қыз­метін реттеу мәселелерi бойынша өзгерiс­тер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республи­ка­сы­ның Заңы): 7-баптың 4-тармағының 2) тармақша­сын­дағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын. 14. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңына (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құ­жат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құ­жат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» жә­не 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жа­рияланған «Қазақ­стан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сауда қызметін реттеу мәсе­лелерi бойынша өзге­рiстер мен толық­ты­ру­лар енгiзу туралы» 2011 жылғы 26 қаң­тардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 4-баптың 1-тармағының 28) тармақша­сы «жою үшiн,» деген сөздерден кейін «жануарлар мен құстардың аса қауiптi ауруларын жою және олардың таралуы­ның алдын алу мақсатында эпизоотия оша­ғында және қолайсыз пунктте жүргi­зілетін iс-шаралар үшiн,» деген сөздермен толықтырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жария­ланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы наурыз­дың 24-і. №420-IV ҚРЗ