01 Сәуір, 2011

Ауғанстанға гуманитарлық көмек

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30 наурызда Ауғанстанның Хайратон қаласында 79 вагон мөлшерін­дегі гуманитарлық көмектің бірінші құрамын жеткізу ресми рәсімі өтті. Шараға ауған тарапынан Хайратон қаласының басшысы Кази Наджибулла, сыртқы саясат ведомствосы, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен тө­тен­ше жағдайлар жөніндегі агенттік­тің өкілдер, Қазақстаннан – Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің қыз­­меткерлері мен дипломаттар қатысты. Өз сөзінде Хайратон қаласы әкім­шілігінің басшысы Қазақстан Үкіме­ті­не көрсеткен көмегі мен Ауғанстан­дағы қиын жағдайға осыншама назар аударуына орай алғысын білдірді. К.Наджибулла бұл біздің елімізден аттандырылған гуманитарлық жүктің екінші легі екендігін еске салды. 2010 жылы Қазақстан Үкіметі Ауғанстанға 6 мың тонна күріш жөнелткен болатын. Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Төтенше жағдайлар жө­нін­дегі министрлік наурыз айының ор­тасында Хайратон қаласына 4 897 тонна күріш жөнелткені белгілі, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспа­сөз қызметі.