Астана қаласының аудан әкімдерінің тұрғындармен есеп беру кездесулері өтетін кезеңде қоғамдық орындарда өтініштер мен ұсыныстар қабылдауға арналған жәшіктер орнатылады. Жәшіктер тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың және ірі сауда орталықтарының жанында орналасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Алматы» ауданы әкімінің есеп беру кездесулері қарсаңында (31 қаңтар - 8 ақпан) жәшіктер екі халыққа қызмет көрсету орталығында (Сәтпаев к-сі, 23, Күйші Дина к-сі, 29/1), №7 қалалық емханасында, (Құдайбердіұлы к-сі, 25), «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Промышленный, Железнодорожный, Интернациональный тұрғын алаптарында) қойылады. Сонымен қатар, өтініштерді қабылдауға арналған жәшіктер «Евразия», «Жаннұр», «Астаналық» (бұрынғы «Артем»), «Әлем» сауда орталықтарында да болады.
«Сарыарқа» ауданының тұрғындары да өз сауалдарын жолдай алады. Өтініштер мен ұсыныстарды «Колос» (Бейбітшілік к-сі, 34), «Диона» (Республика даңғ., 15), «Азат» (Жеңіс даңғ., 25), Sina Tempore (Бейбітшілік к-сі, 9) сынды сауда орталықтарында, «Көктал-2» (Ақмола, 24), Халыққа қызмет көрсету орталығында (ул. С409, 13) орналасқан. Сонымен қатар, өтініштерді қабылдау жәшіктері №4 (Шевченко к-сі, 1), № 10 қалалық емханаларында (Қосшығұлұлы к-сі, 8), «Пять минут» (Сарыарқа даңғ., 31 А) супермаркетінде, сондай-ақ, «Жандар» (Шонаұлы к-сі, 41), «Дәулет» (Біржан сал к-сі, 2), «Мечта» (Кемеңгерұлы к-сі, 6/1), «Рахат», (Герцен к-сі, 84), «Шик» (Көктал-1, Бабатайұлы к-сі, 6/1) дүкендерінде де орнатылады.
«Есіл» ауданының тұрғындары өз сауалдарын «Есіл» аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «Мега», «Хан Шатыр», «Сарыарқа», «Керуен» сауда, ойын-сауық орталықтарында және «Албан» (Ильинка т/а, Бекет ата к-сі, 1), «Хозяюшка» (Пригородный т/а, Жаңа әуежай к-сі, 114), сондай-ақ, пошта бөлімінде (Заречный т/а) орнатылған жәшіктер арқылы жолдай алады.