Америкалық кәсіпкерлер қазірден бастап Вашингтонның Мәскеуге салған санкциясының әлі де күшінде екеніне қарамастан, санкцияның алынатыны туралы сыбыстың шыққанын естіп, екі ел арасында бизнес серіктестікті қайта жаңғыртуға мүдделі болып отыр, деп мәлімдеді Ресейдің бірінші вице-премьері Игорь Шувалов.
"Мен кеше Давоста АҚШ кәсіпкерлерімен кездестім, Олар екі ел арасындағы бизнес байланысты қайта жаңғыртуға мүдделі болып отыр", - деді журналистерге И.Шувалов.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы диалогтың форматы әзірге белгісіз.
Жалпы форумда ең бірінші кезекте талқыланған мәселелердің бірі АҚШ-Ресей қатынасы болды.