20 Қаңтар, 2017

21 қаңтардан бастап елордалықтар уақытша тіркеуді рәсімдей алады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ертеңнен бастап елорда тұрғындары пəтер иелері кооперативтері ғимараттарында электрондық қолтаңбаны алып, уақытша тіркеуді рәсімдей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ХҚКО қызметкерлері ПИК тұрғындарына сағат 9:00-ден 18:30 аралығында қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, жексенбі күні сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін облыстық және Астана мен Алматы ХҚКО-лары жұмыс істейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – Мемлекеттік қызметтерді көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташеваның сөзіне қарағанда, ПИК ғимараттарында қызмет көрсету туралы ұсынысты әзірге елорданың үш пәтер иелері кооперативтері қолдады. Олардың қатарында «Гүлдер», «Бәйтерек» және «Нұрбекет» ПИК-тері бар. «Осы тұрғын үй кешендерінде 22 көп пәтерлі үйлер орналасқан, яғни үш мыңға жуық пәтер бар. Бұл ретте азаматтар тарапынан оңтайлы жауап болады деген үміттеміз. Қазіргі кезде Қазақстанның өзге қалаларындағы ПИК-термен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Балташева.