01 Сәуір, 2011

160 грант, 37 студентке – 25 пайыз жеңілдік

421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ҚазҰУ қазақстандықтарды президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырады Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдау аясындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы» тақырыбында оқытушылар мен студент жастардың активі өтті. Жиынға университет студенттері, оқытушы-профессорлар құ­ра­­мы, куратор-эдвайзерлер мен жас­тар ұйымдары және ҚазҰУ кә­сіп­ода­ғы, ақсақалдар алқасы қатысты. ҚазҰУ ұстанып отырған бас­ты бағыт – Жолдауда ай­тыл­ғандай, – екі үздік университет әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындары қатарына кіру, бес па­йызы инновациялық қызмет пен ғылыми зерттеу нәтижелерін өн­діріске енгізу. Осы орайда, активте ҚазҰУ-дың Корпоративтік мә­дениет кодексі, ҚазҰУ Студен­ті­нің Ар-намыс кодексі сияқты құ­жаттар қабылданды. ҚазҰУ рек­торы Ғалымқайыр Мұтанов уни­вер­ситеттің жаңа ұстанымы – әл­емдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу жолында биікке жетелейтіндігін, әлеуметтік жа­ңа­ру идеологиясында адам капи­та­лын дамытудың басты құнды­лығы екендігін айтты. Одан кейін Ғалымқайыр Мұ­танұлы жоғары білім алу үде­рі­сінде босаған бос білім беру грант­тарын тағайындау туралы Білім және ғылым министрлігінің бұй­ры­ғы бойынша мемлекеттік білім беру гранты байқауынан өткен 160 студентке және универ­си­тет­тің Ғылыми кеңесінің шешімімен ақылы негізде үздік оқып жүрген 37 студенттің оқу төлемақысына 25% жеңілдік беретін сертификаттар табыс етті. Активте отандық білім беру ша­ңырағының көшбасшы универ­си­тетіндегі оқытушы-профессор­лар құ­рамы еліміздегі жоғары оқу ор­ын­дарына арнайы үндеу қабылдады. Жолдау жүктеген талаптарға сай болу үдесін қолға алған Қаз­ҰУ ұжымы қазақстан­дық­тар­ды 3 сәуірде өтетін Қазақстан Рес­пуб­ликасы президентінің кезектен тыс сайлауына белсенді қатысып, еліміздің әлеуметтік жаң­ғыруына сүбелі үлес қосуға шақырды. Саягүл ӘЛІМБЕКОВА, ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі.