21 Қаңтар, 2017

Мектептерге «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» пәні енгізілмек

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Білім беру бағдарламасына жаңа пән енгізілмек, деп хабарлайды 31 арна. Қазіргі уақытта «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» пәні тек Өскемен қаласының оқушыларына оқытылады. Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары ұсынған пән алдымен екі мектепте, кейін жеті оқу орнында енгізілмек. Әзірге жаңа пән бесінші сынып оқушыларына екі аптада бір сағаттан өткізіледі. Жылдың соңына қарай балалар пән бойынша емтихан тапсырады. Егер көрсеткіш жақсы болса, онда оны өзге облыс мектептерінде енгуізу көзделуде. Қаржыландыру жағын Шығыс Қазақстан өңірінің әкімдігі өз мойнына алыпты. Ал білім беру бағдарламасына жаңа пән енгізуді облыстық прокуратура қолға алған. «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» пәні 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы №43 мектепте тәрбие сағаты ретінде алғаш рет өткізген болатын. Алдағы уақытта оны Ұлан, Глубокое аудандарындағы және Өскемен, Семей қалаларындағы мектептерде енгізу жоспарланған», – дейді Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Айдос Тұрсынов.