21 Қаңтар, 2017

Павлодар облысында кремний зауыты салынады

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл көктемде Павлодар облысы Екібастұз қаласында кремний зауыты салынады. Құрылыс жұмыстарын бастау мамыр айына жоспарланған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты. Зауыттың бастапқы жобасы бойынша оның өндірістік қуаты жылына 35 мың техникалық кремний болса, кейін аймақтағы инвестициялық қолайлылыққа байланысты жобаның жылдық қуатын 135 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. «Екібастұз қаласындағы №1 электр стансасының жанынан 70 гектар жер бөлінді, – деді «ANSA Silicon» ЖШС-нің өкілі Болат Тоқтасынов. – Сонымен бірге, біз стансаның сыртқы электрмен қамту жүйесіне қосылуға техникалық шарт алдық. Яғни, біз электр қуатын «KEGOC» АҚ-тың желісі бойынша емес, тікелей стансаның өзінен алатын боламыз. Сондай-ақ бөлінген жер шикізат орындарына жақын орналасқан. Кварцит Қарағанды облысынан, мұнай коксы Павлодардан, ал ағаш кесінділер Ресейден тасымалданады. Бұл факторлар біздің өнімнің бағасының нарықтық бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп үміттенеміз». Жобаға құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 38 миллиард долларды құрайды. 2019 жылы кәсіпорындағы өндірістің үшінші кезеңін іске қосқаннан кейін 600 жаңа жұмыс орны құрылады.