21 Қаңтар, 2017

Иран делегациясы Қазақстанға келді

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Иран Ислам Республикасының делегациясы Сирия бойынша келіссөздерге қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды осы елдің Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі. «Бүгін Сыртқы істер министрінің араб және ислам мемлекеттері бойынша орынбасары Хусейн Джабери Ансари бастаған Иран Ислам Республикасының делегациясы Сирия дағдарысы бойынша өтетін келіссөздерге қатысу үшін Қазақстанға келді», делінген хабарламада.