22 Қаңтар, 2017

Қазақстанның төрт аймағында жол жабылды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитеті қолайсыз ауа райына байланысты жолдардың жабылғанын хабарлады. Ақмола облысында 21 қаңтар күні сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург - Алматы» 917-1006 км ( п. Жақсы - Атбасар), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82); «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» (232-260 км); «Жезқазған - Петропавловск» (377-595 км) «Екатеринбург-Алматы» (917-856 км); «Астана-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 км) жолдарында козғалыс барлық автокөлік түрлері үшін жабық. 21 қаңтар сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қар, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург - Алматы» автожолының 1280-1353 шақырымы (Жақсы кенті - Атбасар) барлық көлік түрлері үшін жабық. Алматы облысында 20 қаңтар күні сағат 23:00-ден бастап, республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолының 40-шы мен 80-ші шақырымында жүк және қоғамдық көлікке шектеу қойылды. Шығыс Қазақстан облысында 20 қаңтар күні сағат 15:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Чарск-Бакырчик» (0-42 км), «Бакырчик-Бурсак» (0-18 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.