22 Қаңтар, 2017

Астана процесі: Делегациялардың көпшілігі Қазақстанға келді

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистура сенбіден жексенбіге қараған түні Сириядағы жағдайға байланысты халықаралық келіссөздерге қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі. ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Қазақстанға БҰҰ-ның Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистурадан басқа осы уақытта елімізге Ресей, Түркия, Иран елдері мен Сирия оппозициясының өкілдері келді.  Ол сонымен қатар бүгін кешке дейін елімізге Сирия үкіметі делегациясының келетіндігі туралы айтты. «АҚШ-тың атынан Сирия мәселесі бойынша өтетін келіссөздерге осы елдің Қазақстандағы елшісі қатысады», - деді Жайнақов. Естеріңізге сала кетсек, Сирия мәселесі бойынша өтетін халықаралық келіссөздер Астанада 23 қаңтар күні басталады.