22 Қаңтар, 2017

Қарағандыда су тарату жүйесі қалпына келтірілді

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандының магистральдік су таратқышындағы ірі апат ретке келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қарағанды су» ЖШС-нің баспасөз хатшысы Марина Богданның айтуынша, мекеме қызметкерлері 23 сағаттан бері Орталық мәдениет және демалыс паркіндегі қалыңдығы 800 мм болатын су құбырының апатын жою үшін үздіксіз жұмыс істеуде. «Аяз бен ашық аспан астында полиэтенді су таратқышқа қосымша құрыш монтаждалды. Техникалық жағынан бұл айтарлықтай қиын жұмыс, – деп түсіндірді ол. – Түске қарай Жаңа қала және Михайловка тұрғындарына су беріледі. Қазір кей көшелерге су барды, кейбіреулеріне сәл кешірек жетеді». Еске сала кетейік, 21 қаңтар күні ірі апаттан Қарағанды және көршілес елді мекендердің тұрғындары сусыз қалды.