22 Қаңтар, 2017

Телефоны жарылған Ақтау тұрғынына өтемақы төленді

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Samsung компаниясы ұялы телефоны жарылған Ақтау тұрғынына өтемақы төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтаудың 40 жастағы тұрғыны Сәния Болтабекова бір апта бұрын сатып алған Samsung Galaxy S5 маркалы телефонын қуаттау кезінде құрылғы жарылып кеткен. «Кешкі уақытта телефонды қуаттауға қойып, ұйықтап қалдым. Таңға жуық тарс еткен дыбысты естіп, шошып ояндым. Жамылғы өртеніп, түтіндеп жатыр екен. Оны сілкілеп жатқанда, телефон жерге түсті, батареясы балқып кеткен. Бақытыма орай, төсек жанында тұрған бір стақан суды шашып сөндірдім», – деді телефон иесі. Бұл оқиға былтыр желтоқсан айында болған. Өткен аптада Samsung компаниясының Алматыдағы бас кеңсесі Сәния Болтабековаға 130 мың теңге өтемақы төлеп берді.