22 Қаңтар, 2017

Жас отбасыларға арнап арзандатылған үйлердің жобасы ұсынылды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Екібастұз өңірінің ғалымдары жас отбасыларға арнап төрт пәтерлі жеке меншік үйдің жобасын ұсынды. Мұндай үйлер нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасынан 2-2,5 есе арзан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz Қ. Сатпаев атындағы Екібастұз инженер-техникалық институтының халықаралық байланыс пен ғылыми жұмыс проректоры Жарылқасын Қамбаровтың айтуынша, төрт пәтерлі үйлердің сапасы еуропалықтардың таун-хаустарынан кем болмайды. «Әр пәтердің аумағы 82 шаршы метрді құрайды. Құрылыс кезінде үй автономды түрде қамтамасыз етіледі: саңылау, күн батарейлері, жел диірмені мен жылу тартатын сорғының орнатылу. Мұндай үдің бағасын 40 миллионға бағалап отырмыз», – деді проректор. Белгілі болғандай, әзірлеушілер Екібастұзда үй салу үшін жер сұраған, алайда, бұл сұрақ әлі өз шешімін таппай отыр. «Өте қызықты жоба екен. Бұл үйлерді Баянауылға да салуға болады. Тұрғындар мен туристер оны жоғары бағалайтынына сенімдімін», – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.