23 Қаңтар, 2017

Давос форумы: төртінші индустриялық революцияға дайындық

500 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Экономика-2Екі ғасырдан астам уақыт бұрын Батыс Еуропа елдерінен бастау алған индустрияландыру адамзатқа техниканың классикалық үлгісін, соның ішінде отарба секілді игіліктерді ала келді. Бұл адамзат тарихындағы екінші индустриялық революция болатын. Тоқсаныншы жылдары компьютермен алғашқы роботты техникалардың шығуы өркениеттер арасын алшақтата түсті. Үшінші индустрияландыру кезеңінде енді ғана қалыптаса бастаған біздің мемлекет сол заманның туындыларына кешеуілдеп қол жеткізді. Ал соңғы бірнеше жыл бұрын ғана автоматтандыру, кибер-физикалық жүйе мен бұлтты компьютерлердің пайда болуы дүние жүзіне төртінші индустрияландырудың есігін ашты. Жыл сайынғы дүниежүзілік дәстүрлі Давос форумының биыл­ғы тақырыбы да осы төр­тінші индустрияландыру ке­зіндегі дамыған және дамушы ел­дердің ғылыми-техникалық про­­гресі мен соған сай эко­но­ми­ка­лық әлеуеті болды. Төртінші индустриялық ре­волюцияның бұрынғы ғы­лы­ми-техникалық дамудан бір ерек­шелігі – ғылым мен эко­но­миканың әлеуметтік мін­дет­терінің артуы. Яғни, өнер­кә­сіп саласының қорша­ған орта­ға зиянын азайту, шама кел­генше жою. Экономиканы мон­о­полиядан ажырату. Мем­ле­кеттің халық алдындағы кей жауапкершіліктерін ірі транс­ұлт­тық корпорациялардың мойн­ы­на жүктеу.  

Жаһандану үрдісі кейін кетіп бара жатыр

Дүниежүзілік сауда ұйы­мы­­ның мәліметінше, 2016 жы­лы әлемдік экономикалық жаһан­да­ну үрдістері бәсеңдеген көрінеді. 2012 жылы шарықтау шегіне жеткен жаһандану үрдістері сол кездегі дағдарыста құлдырай бас­таған. Өйткені, дағдарыс ке­зін­­де әр мемлекеттің өз экономи­ка­сын күйттеп, ірі компанияларды алдымен ішкі нарыққа жұмыс істеу­ге мәжбүрлеуі халықаралық сау­даға кері әсерін тигізген. Жаһан­данудың бастамашысы сана­латын АҚШ бұл тұрғыда биыл керісінше тұйықтала түсетін секілді. Таққа келген Дональд Трамп АҚШ-тың бір кездердегі индустриялық қуатын қалпына келтіру үшін елдегі ірі компаниялардың зауыттарын АҚШ-тың ішіне көшіруге мәжбүрлеп, сырттан келетін тауар­ларға баж салығын қазірден бастап көбейтіп жатыр. Дүниежүзілік форумның панельдік сессиясында жаһан­да­нудың кері кетіп бара жатқанына тағы бір себеп ретінде шараға қатысушылар Еуропадағы ахуал­ды атады. Өткен жылдың жазында Британияда өткен референдум нәтижесінде азаматтардың басым көпшілігі Британияның Еуроодақтан шығуын қолдап дауыс берген. О бастан бұған қарсы болған Дэвид Кэмерон ақыры өз орнынан кетіп тынды. Ал оның орнына келген Тереза Мэй Біріккен корольдікті Еуроодақтың ортақ нарығынан бөлек шығарамын деп отыр. Нәтижесінде, ондағы ірі компаниялар мен қаржы ұйымдары да «Британия одақтан шықса, біз де бұл жақта қалмаймыз» дегенді айтты. Британияның мұнысынан кейін сарапшылар одақтың бо­ла­шағына сенімсіздікпен қа­рай бастады. Оның үстіне Ита­лия­­дағы президенттік сайлау мен Еуроодақтағы бірнеше ел­дегі саяси науқандар ЕО-ның эко­номикалық өсім қарқынын бә­сеңдетуі мүмкін екенін айтып да­был қағуда. Есесіне Азиядағы эко­но­микалық интеграция көңілге қо­­нымды. Өткен жылы Жа­пония үкіметінің басшысы Синдзо Абэнің Моңғолия мен Орта­лық Азия елдеріне жасаған мемлекеттік сапары алдағы бірер жылда өз жемісін береді деушілер бар. Сол сапардан кейін Жапонияның Қазақстан бас­таған өңір елдеріне салатын инвестициясы аз болса да өсе бастады. Дегенмен, мұны Жапонияның аймақтағы Қытай ық­палының күшейіп кетуінен қау­іптеніп әдейі істеп отырғанын жо­рамалдаушылар да жоқ емес. Ал Қытай болса, биылдан бас­­тап сыртқы экономикаға ерек­­ше назар аудара бастады. Сыр­т­қы экономикаға ықпал ету жолында шығыстағы көр­шіміздің биыл ішкі эко­но­микалық өсім қарқынын азай­­тып алғаны да жасырын емес. Өт­кен жылы құрылған Азия­лық инфрақұрылымдық инвес­тициялар банкінің бас салымшысы саналатын Қытай алдымен Оңтүстік-Шығыс Азия, кей­ін Орталық Азия елдерінің инфра­­құрылымдық жобасына қаржы салмақшы. Аталған банк­­тің негізгі салымшылары Қытай, Үндістан, Ресей болса, Қазақстанның да аздаған үлесі алдағы уақытта Дүниежүзілік банк­пен бәсекелесе алатын ірі қар­жы ұйымының ауқымды жо­бала­рының бізде де іске асыры­латынынан үміт күттіреді.  

Прогреске Қазақстан қандай үлес қосады?

Жылдың басты экономикалық жиынына Қазақстан атынан бар­ған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ха­лық­аралық қаржы ұйымдары мен сарапшылар алдында Қа­зақ­станның көлік-транзиттік әлеу­е­ті мен инвестициялық мүм­кін­дік­терін таныстырды. «Төртінші индустриялық р­е­во­люцияға дайындық» та­қы­ры­бындағы панельдік сессия­сын­да сөз алған министр, шы­ны керек, төртінші емес, екін­ші индустриялық революция кезінде инвесторлардың қы­зығушылығын тудыратын игіліктерді атады. Әрине, түсті металл мен ши­­кі­заттық қазба байлықтар сұ­ра­ныстан шығып қалатын заман әзірге келе қоймас, дегенмен «Нұрлы жол» бағдарламасында көрсетілген индустрияландыру ісін өңдеуші өнеркәсіппен бірік­ті­ре отырып, инновациялық тұр­ғы­да дамытқанда мем­ле­кеттің ал­дыңғы қатарлы эко­но­мик­а­лардың қатарына кіре алатыны сол форумда айтылған еді. Дегенмен, жыл сайын бә­сең­­деп бара жатқан жаһан­да­ну­дың құтқарушысы санала­тын Қытайдың Еуропаға ашқан есі­гі­нің иесі болып отырған Қа­зақ­стан үшін көлік-транзиттік сала­сы әлемдік нарықтағы «көзір» іс­пет­тес. Өткен аптада ғана Лон­донға жеткізген Қытайдың алғашқы жүк пойызы апта са­йын тұрақты қатынап, алдағы уақытта Еуропа қалаларына тар­тылған Қытай көліктерінің саны арта түседі деп болжайды сарапшылар.

Ірі бизнестің болашағы

Шарада мамандардың тал­қыға салған тақырыптарының бірі ірі бизнестің болашағы тура­лы болды. Мұнда да сарапшы­лар АҚШ экономикасы мен Трамп­тың президенттігінен ай­на­лып өте алмады. Сала ма­ман­­дарының пікірінше, төр­тін­ші индустриялық революция ке­зін­де бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі арта түсуі тиіс. Мем­­лекеттің азаматтар ал­дын­­­дағы кей әлеуметтік мін­дет­­терін енді ірі трансұлттық кор­порациялардың мойнына жүк­теу керек. Монополияға қар­­сы заңдардың әлсіздігі, әлем­д­ік деңгейде жемқорлықтың бәсең­демеуі шағын бизнестің ірі кәсіпорындар алдында бәсекеге қабілетсіздігін туындатып отыр. Мәселені шешу үшін транс­ұлттық корпорацияларды әкім­шілік ресурстармен қыса бе­ру­­дің орнына мемлекеттің мін­­деттемелерін оларға бөліп бер­ген жөн. Осы тұрғыда сарап­шы­лар­дың пікірі Дональд Трамптың са­лық саясатымен ұштасып жа­тыр. Трамп өзінің сайлауал­ды бағдарламасында АҚШ-тағы бизнес пен қарапайым халық­тың ең үлкен бас ауруына айнал­ған салық мәселесін шешу үшін оны мекемелерге «әділ түр­де үйлестіру» керектігін айт­қан. «Әділ үйлестіру» дегені, кә­сіп­керлер қанша адамды жұ­мыс­пен қамтамасыз ететін болса, соған сай салық көлемін белгі­леу. Бұл бір жағынан елдегі жұмыс­сыз­дық мәселесіне шешім болар еді деген болатын Трамп. Қазақстанда жүргізіліп жат­қан жекешелендіру науқанының осы орайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыратынын айтатындар бар. Давоста сөй­­леген сарапшылардың пі­кі­рінше, кәсіпкер мемлекет мен­ші­гіндегі мекемені сатып ала оты­рып, ондағы қызметкерлер мүд­­десі мен мемлекет алдын­да­ғы міндеттемелерін де қо­са алатынын ескеруі керек. Әри­не, бұл тек ұлттық заң­нам­а­ның мықтылығымен ғана орын­далатын дүние. Бауыржан МҰҚАНОВ, «Егемен Қазақстан»