23 Қаңтар, 2017

Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Давоста Дүниежүзілік экономикалық форумның іс-шараларына қатысты. Қазақстан делегациясын бастап барған министр еліміздің көлік хабы мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Инвестициялар және даму министрі форумның «Төртінші индустриялық революцияға дайындық» тақырыбындағы панелдік сессияға қатысты. Онда Марк Бенеф, Билл Гейтс, Джек Ма, Билл Макдермотт, Чак Роббинс сияқты тағы да басқа әлемдік технология саласының ірі тұлғалары болды. Сессияға қатысушылар төртінші индустриялық революцияға қалай әзірлену керек, оның қазіргі жұмыс орындарына және жалпы базалық кіріске қатысты әсері қандай деген мәселелерді талқылады. Форум алаңында Жеңіс Қасымбек Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асырып жатқан және жоспарлап отырған инвестиция, өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, химия саласында жұмыс істейтін «Enerco Distribuzione», «Glencore», «FT CNBC Nightcap», Evonik AirSpan, Sun Group сияқты бірқатар шетелдік компаниялар және инвестиция саласындағы ұйым басшылығы өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізбек. Сондай-ақ, министр перспективалы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша жапонияның «JETRO» инвестициялық агенттігімен, «Инфрақұрылымдық инвестициялар Азиялық банк» басшысымен және ЕҚДБ вице-президенті Ален Пилумен келіссөздер жүргізді. Бұдан бөлек, Инвестициялар және даму министрі «Нарық капиталын дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тарту» және «Жібек жолының тиімділігі» тақырыбындағы сессияларға қатысады. Онда әлемнің көптеген елдеріне Қазақстанның көлік хабы мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлады аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.