23 Қаңтар, 2017

Атырауда 51 млрд теңгенің мүлкі жекешелендірілді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атыраулықтар аяқталған мүлікті жария ету шарасы бойынша 51 млрд теңгенің мүлкін жекешелендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жекешелендіру акциясына барлығы 2 мыңдай адам атсалысты. 1920 өтінім қанағаттандырылды. Жекешелендірілген мүліктің жалпы құны – 16,07 млрд теңге. Одан бөлек 34,84 млрд теңге қаржы жекешелендірілді», – деді Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Батырбек Юсупов.