01 Сәуір, 2011

Ел кемелденуінің еңселі бағыты

391 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
Қазақстанның білім саласы түбегейлі реформалық шараларды жүзеге асыруға бет бұрды Адамзат дамуының қазіргі деңгейі идеяны үлкен байлыққа, ал білім мен ақпаратты мықты қаруға айнал­дыр­ған­дығын көріп отырмыз. Халықтың жаппай қолдауына ие болып, қоғамды алға сүйрейтіндей өтімді идеясының бо­луы­­ның және соны жүзеге асыра білуі­нің арқасында қарапайым жас жігіт Билл Гейтс санаулы жылдардың ішінде әлем­нің ең бай адамына айналып шыға келді. Қазірде біздің санамыз­дағы «қару­лан­ған адам» деген түсінік­тің өзі де жылдам өзгеріп келеді. Осы­дан отыз-қырық жыл бұрын «қару­лан­ған адам» деген сөзді естігенде көзі­міз­ге шошай­тып мылтық асынған, жа­лаң­датып пы­шақ ұстаған адам елестей қалатын. Енді бейнені көз алдымызға елестетпес бұрын біздің миымызда «немен қару­ланған екен» деген сұрақ алдымен көл­денеңдейтін болды. Осы құбылыстың өзі-ақ қару атаулыға жаңа бақталастың пайда болғандығын білдіреді. Оның аты – білім мен ғылым. Ал білім деге­ні­міздің өзі өмір үшін қажетті толып жатқан ақпараттардың жиынтығынан құралатындығы белгілі. «Білекті бірді жықса, білімді мыңды жығар», «білімдінің алды – жа­рық, бі­лім­сіздің алды – көң ша­рық» де­ген еді қазақ атамыз. Осы сөздің шы­найы іске асуының нағыз заманы енді келді ғой деп ойлаймыз. Өйткені қазіргі заманғы технологиялар оларды игере алған адам­дар­дың қолын бұ­рын­ғыға қара­ған­да әлдеқайда ұзарта түсті. Сөйтіп білім мен ғылым және олар туындатқан технологиялар әлемдік да­мудың және әлемдік экономикалық қ­а­тынастарға зардапсыз инте­гра­ция­лану­дың негізгі локомотивтеріне айналды. Біздің елімізде халыққа білім беру ісі «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді Стра­­тегиясын жүзеге асырудағы ма­ңыз­­ды басымдықтардың бірі болып табы­лады. Сондықтан бұл салада еліміз өз тәуел­сіздігіне ие болғаннан бері күр­делі реформалық шаралар үздіксіз жүр­гізіліп келеді. Ал ол рефор­ма­лар­дың жал­пы мақ­саты – еліміздің білім беру жүйесін жаңа əлеуметтік-эконо­ми­калық ор­таға бейімдеу болып отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізудің оңай болмайтындығы байқалады. Себебі, сәті түссе, байлықты қалпақпен соғып алуға болар, ал білімді қалпақпен со­ғып ала алмайсыз. Ол ұзақ жылдарды, жүйелі жұмысты, төзімділік пен табан­дылықты қажет етуде. Еліміздің бі­лім беру жүйесін жетілдіру əлемдегі бə­се­ке­ге қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі алғышарттарының бірі ретінде маңызды рөл атқаратындығы белгілі бола түсуде. Оның үстіне қазіргі халықаралық озық тə­жі­рибелер ерте ба­ла­лық шақ­тан ересек жас­қа дейін адами ка­пи­талға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін ин­вести­ция­ның эконо­ми­ка мен қо­ғам­ға елеулі қай­тары­мы бола­ты­нын, білім бе­ру мен эконо­мика­лық та­быс­тың жəне өнім­діліктің арасында тығыз байла­ныс­­тың бар екенін дə­лел­деп отыр. Сон­дық­тан мемлекет­тің білім беруге бөлетін қаржы­сы­на бұ­рын­ғы­дай  əлеу­меттік қа­жет­ті­ліктерге жұм­­сайтын шы­ғындар деп қарау ға­на емес, сонымен қатар оны ұзақ мерзімдік дамуға салған эко­номикалық инвестициялар деп тү­сіну де барған сайын белең алуда. Сонымен қатар жалпы қоғамның игілігіне айнала алатын қазіргі заман­дық білім экономикалық тиімділігімен қатар басқа да əлеуметтік пайдалар кел­тіре алады екен. Мәселен, ол аза­мат­­тар­дың басым бөлігінің қаты­суы­мен құ­ры­латын, əлеуметтік бірлігі мен ин­тег­ра­ция­сы жоғары, құқық бұзу­шы­лық дең­гейі төмен қоғамның қалып­тасуы­на ық­пал етеді. Себебі адамның жас­тайынан білім алуы оның əлеу­мет­тік, эмо­ция­лық жəне басқа да өмірге қажетті дағ­ды­ла­ры мен мә­дение­тін қа­лып­тас­ты­ру­­да маңызды рөл атқарады. Осы ұғым­дар­дың бәрі қосыла ке­ліп еліміздің білім беру ісінің барлық са­ла­ла­рын одан əрі дамыт­у­дың сенімді дə­ле­л­дерін туын­дата­ды. Біздің елімізде Қазақстан Рес­пуб­­ли­касында білім бе­­­­ру­­­ді дамы­ту­дың 2011-2020 жы­л­­­дар­­­­ға арнал­ған мем­­­­­лекеттік бағ­дар­ла­масы қа­был­­­­­дан­ған. Бұл бағ­­­дарла­ма­ның не­гізгі ерек­шелігі – білім са­ла­с­ын­да­ғы жаңа­шыл­­ды­ғы және са­ла­ның таяу он жыл­­дағы бола­ша­ғын жү­йелі түр­де жос­пар­ла­ған­ды­ғы болып та­бы­лады. Бағдар­ла­ма әлем­дегі озық тә­жі­ри­бе­­лерге сүйе­не және елі­міздің ішкі ерекшеліктері мен мүм­кіндігі ескеріле отырылып жа­са­лын­ған. Сон­дық­­тан  оны еліміз­дің даму мақсат­тары­мен қатар заман та­ла­бына жауап бере алады деп айта аламыз. Бағдарламаны жүзеге асыру жө­нін­де белгіленген барлық іс-шаралар қа­жет­ті қаржымен қамтамасыз етілетін болады. Ал осы мемлекеттік бағдар­ла­­ма­ны іске асырудың 2011-2015 жыл­дар­ға ар­нал­ған іс-шаралар жоспары Үкіметтің үс­тіміздегі  жылғы 11 ақ­пан­да­ғы қау­лы­сымен бекітілген бо­ла­­тын. Осы аптада болып өт­кен Үкімет отырысында бұл мә­селе тағы бір пы­сықталды. Ол тура­лы негізгі баян­даманы Білім және ғы­лым министрі Бақытжан Жұмағұлов жасады. Сонымен Білім және ғылым ми­нистр­інің айтуынша мемлекеттік бағ­дар­ламаны жүзеге асырудың ал­ғаш­қы 5 жылдық кезеңі үшін қазіргі мөл­ше­рі­не қо­сымша 461,1 млрд. теңге бөлу көз­делді. Осыған қосымша ағымдағы жыл үшін тағы да 22,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы бірінші кезекте салынатын мектептердің құрылысына және мұға­лім­дердің жалақысын көбейту  үшін жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін әзірленген жоспарда жалпы саны 196 іс-шара қарас­тыры­лыпты. Со­ның 37-сі 2011 жылы орын­далатын болса, осы күнге дейін 3-уі жү­зеге асырылып үлгіріпті. Мемлекеттік бағ­дарламада ба­ла­лар­ды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамту көз­делген. Жал­пы, мұндай ау­қым­ды міндеттің біздің елімізде бұ­ған дейін ешуа­қыт­та қо­йылып көр­ме­ген­ді­гін еске алатын бол­сақ, мұ­ның өзін де бағдарламаның бір жаңа­лы­ғы ретінде атап көрсе­ту­ге болады. Сол үшін  ай­мақ­тар мен елді ме­­кендердің жай-күйі зерттеліп, жүр­гі­зілетін қажетті құ­рылыстардың  нақты кестесі жаса­лын­ды. Кестені жасау ба­рысында халық­тың 2015 жылға жә­не 2020 жылға дейінгі демогра­фиялық өсім болжамы ескерілгендігін айта кетпекпіз. Сонымен бағ­дарла­маның осы бір бөлігін жүзеге асыру үшін ғана алдағы 3 жыл­да  елімізде 90 ба­ла­бақша са­лы­нуы қа­жет. Мұ­ның сыр­тын­да, 2015 жыл­ға де­йін 615 ша­ғын ор­та­лық пен 163 жеке меншік ба­лабақша ашылады. Бұрын жеке меншікте және комму­нал­дық меншікте бо­лып келген  118 ғимараттарды қайта қай­тарып алу есебінен тағы да 154 ба­ла­бақша жұмыс істейтін болады. Бағдарламаның та­ғы бір бағыты еліміздегі орта білім беру ісін дамыту. Оның негізгі мәселесі 12 жыл­дық оқытуға кө­шу бо­лып табылады. Міне, осы үшін елі­мізде таяудағы жыл­дардың өзінде бар­лы­ғы 522 мектеп салы­на­тын болады. Оның 427-сі жалпы білім беретін мектептер де (респуб­ли­калық бюджеттен 212, жергілікті бюджеттен 215), 46-сы бейіндік мектептер. Ал 49-ы апатты жағдайдағы және үш ауы­сым­ды мектептердің орнына са­лынады. Бұл мектептердің құры­лы­сын жүргізу үшін республикалық бюджеттен  ал­ғаш­қы 3 жылға деп 167,4 млрд. теңге қарастырылған. Қазіргі күні қай жерден, қандай мек­тептердің салынатындығы  нақты анық­талып қойылды. Министрдің ай­туын­ша, бұл мектептер салынған соң оқушы орнына деген сұраныс толық қана­ға­т­тан­дырылып, осы уақытқа дейін қо­ғам­ды мазалап келе жатқан үш ауы­сымды және апатты жағ­дай­дағы мектептер про­блемасы жойы­лады. Тек биылғы жылдың өзінде 82 мектеп салынады. Олардың 30-ы респуб­ликалық бюджеттің, 52-сі жергілікті бюд­­жеттердің есебінен салынатын болады. Министр өз сөзінде 12 жылдық оқы­туға көшу кестесі мұқият тексерілгендігін атап көрсетті. Білім беру мен оқыту мазмұнының жа­ңа стандарт­та­ры жасалу үстін­де. Соған сәйкес оқу­лық­тар сапасына қойылатын талаптар бұ­рын­ғыға қарағанда күшейтіле түс­кен. Енді олар көп кезеңнен тұратын сараптаулар мен сынақтан өткізілетін бола­ды. Қазірдің өзінде осы кезең­дердің біраз бөліктері іске асырыла бастаған. Мемлекеттік бағдарламада  мұға­лім беделін көтеруге ерекше көңіл бөлін­ген. Бағдарламаның бір бөлімі осы мә­селеге арналған. Бұл мақсат үш бағыт бойынша жү­зе­ге асырылады. Соның біріншісі –  мұ­ғ­алімдердің жалақысын арттыру. Осы­ған сәйкес бағдарламада олардың орташа жалақысын 2015 жылға қарай жеке сектордағы еңбекақыға теңестіру жос­пар­ланған. Үстіміздегі жылы барлық бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілетіндігі белгілі. Бұл мұ­ғалімдерге де қатысты. Сонымен қа­тар оларға  қосымша үстемеақы бе­­ру қолға алынады. Мәселен, үсті­міздегі жыл­дың 1 қыркүйегінен бастап жоға­ры кате­го­рия­лары бар мұғалімдер мен  тех­ни­ка­лық және кәсіптік білім беру ұйым­дары­ның шеберлері біліктілігі үшін лауазымдық жалақысының 100 пайызы көлемде қосымша ақы алатын болады. Мұндай қосымша ақыны басқа да мұғалімдерге төлеу қарастырылған. Осы мақсатқа биылғы жылға рес­пуб­ликалық бюджеттен 5 млрд. теңге­ден астам қаржы бөлінгендігін айта кету қажет. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес енді мемлекеттік білім берудің жи­нақ­тау жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе әр от­ба­сына балаларын оқыту үшін қа­ра­жат жи­науға мүмкіндік береді. Жи­на­ған со­ма­сына орай мемлекеттен сый­ақы бөлінеді. Қазіргі күні осы мәселені жүзеге асы­рудың тетіктері тал­қы­ланып, нақты есептеулер жасалыну үстінде. Екіншіден, бағ­дар­ла­ма бойынша мұ­ға­лім­дер біліктілігін арт­тырудың жа­ңа жүйесі жұмыс істейтін болады. Көп ұза­май оған көшу бас­талады. Мәселен, республи­ка­лық бюджетте биыл ал­ғаш рет аталған мақ­сатқа қосымша қаражат бөлініп отыр екен. Мұғалімдерді қайта даярлауда ваучерлік-модульдік қаржыландыру жү­­йе­­сі енгізіледі. Министр  осы жүйе жа­қын­да тәжіри­бе­лік сынақтан өтетін­ді­гін мә­лімдеді. Үшіншіден, ұстаздар қауымы­ның бе­делін  кө­теру ба­ғы­тында жұ­мыс­тар жүргізі­ле­тін болады. Осыған байла­ныс­­ты Білім және ғы­лым министрлігінде имидждік жұ­мыстар тұжырымдамасы әзір­ленді. Бұл жұ­мыс­қа мұғалімдер қауы­мы, бұ­­қа­ра­лық ақ­парат құ­рал­да­ры, аза­мат­тық қо­ғам ке­­ңінен тар­тылады. Бағдарламадағы бас­ты  жа­ңа­лық­тар­дың бірі – электрон­ды оқы­туды то­лы­ғы­мен меңгеру. Бұл мақсатқа 134,9 млрд. теңге жос­пар­ла­нуда. Электронды оқыту­ды ен­гізу бойын­ша са­лаара­лық бағ­­дар­лама жо­басы жа­салды. Биыл 44 білім беру ұйымында е-learning элек­­­тронды оқытудың қа­нат­қақты жо­ба­сы жұ­мыс істей бас­тай­ды. Бұл жү­йеге бай­ланысты барлық мәсе­ле­лер тал­­қы­лан­ды. Бағдарламада тех­ни­ка­­лық және кәсіптік білім бе­ру мәселесіне де ерекше көңіл бө­лінген. Осылар бо­йынша кадрлар даяр­­лау­дың жаңа моделі енгізілетін болады. Жаңа модель жұмыс берушілерді белсенді тар­туға, үздік әлемдік тәжі­ри­бені қазақ­стандық білім беру жүйесіне бейімдеуге негізделген. Биылғы Жолдауға сәйкес  бизнес-қауымдастықтар мен жұмыс берушілерді қатыстыра отырып Ұлттық кеңес құрылады. Жаңа модельді іске асыру  үшін ұйымдар  таңдалды. Жоғары білім беру саласындағы негізгі міндет – даярлау сапасын арттыру. Министрлік әлемдік тәжірибе негізінде жоғары оқу орындарының жаңа классификациясын және олардың әр деңгейін анықтауға қажетті өлшем­дерді әзірледі. Осы бойынша зерттеу университеттері қолданысқа енгізіледі. Олардың қыз­метін­де білім берумен қатар, ғылы­ми зерт­теу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Мемлекет басшысының тапсырма­сы­на сәйкес жоғары оқу орын­дары­ның инновациялық қызметі күшей­тіледі. Министр жоғары оқу орындарын іріктеу өлшемдері  жасалу үстінде екен­дігін айтып өтті. Мемлекеттік бағдарламаны тиімді іске асыру үшін қазіргі уақытта Парламент қарауындағы «Білім ту­ра­лы» заңға өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» заң жоба­сы­на депутаттар 17 толықтыру енгізуді ұсыныпты. 60-тан астам нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспарлануда, оның 22-сі биылғы жылы әзірленбек. Мемлекеттік бағдарламаның орын­­далуы­на мониторинг жүргі­зі­ліп оты­ра­тын болады. Осы істі ілгері жыл­жыту үшін «Ақ­парат­тық-талдау ор­та­лы­ғы» акционерлік қоға­мы құ­ры­­лады. Бұл орталық мем­лекеттік бағ­дар­­ламаны іске асы­­ру механизмдерін жетілдіру жө­­нінде ұсы­ны­с­тар дайын­дай­ды. Сонымен қатар, әр кезеңдегі ин­ди­ка­торлардың әлем­де­гі озық үл­гі­лерге сай келуін қада­ға­лап оты­рады. Мемлекеттік бағдарламаның та­бысты орын­да­луы қоғам мен мұға­лім­дер қауымының қолдау көр­се­туі­не байланысты бола­тын­дығы тү­с­і­нікті. Осыған орай, министр жоспар­лан­ған шараларға қосымша ретінде әлеу­меттік тапсырыс тетіктерін іске қосу арқылы азаматтық қоғам институт­та­рын кеңінен тартуды өте маңызды деп санайтындықтарын айтты. Ондағы мақсат – мұғалім беделін көтеру мен кері байланыс орнатудың негізгі жолдарын қамтамасыз ету. Үкімет отырысында аталған мәсе­ле­ні қорытындылаған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» ха­лық­тық-демократиялық партиясының жуықта болып өткен съезінде берілген тапсырмаларға сәйкес халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың ерекше маңызға ие болып отырғандығын атап көрсетті. Бұған еліміз білім беру, ден­сау­лық сақтау, халықты жұмыспен қамту бағытында жаңадан қабыл­дан­ған салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізетін болады. Халықтың өмір сүру сапасын жақ­сар­ту дегеніміз, бір сөзбен айтқанда, оның әлемдік кеңістіктегі бәсекелестік қабілетін арттыру деген сөз. Бұл ел болашағын айқындаушы басты фак­тор­лардың бірі болып табылады. Үкі­мет отырысында жүзеге асырылу жа­йы талқылауға түскен Қазақстан Рес­публикасында білім беруді дамы­ту­дың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы міне, осы іске қызмет етеді. Осыған қосымша айтарымыз, қа­зір­де бүкіл әлемде болып жатқан жағ­дайларға назар аударсаңыз, жаһан­дану­мен қабаттаса келіп отырған түрлі саяси және экономикалық дағ­дарыс­тар­дың белең алуымен қатар мемле­кет­тердің бір қоғамдық формацияның ішінде өмір сүріп отырып-ақ өзіндік даму формаларын айқындауда сан та­раулы жолдарға тү­се бас­та­ған­ды­ғын байқайсыз. Се­бебі осыдан бір­неше ға­сыр бұ­рын батыста пай­да болған капиталистік қа­ты­нас­тар­дың клас­си­ка­лық даму дәс­түрі тү­­бе­гей­лі өз­геріс­тер­ге тү­­­се бас­тады. Жеке адам­­ның ма­те­­риал­­дық жә­не ин­тел­лек­туал­дық тұр­ғыдан шек­сіз дами беруін жақ­тай­тын ба­тыс­тық үлгіге Жа­­по­ния өзінің ұжым­­дық капитализмін қар­сы қойды. Со­ның нәтижесінде жа­пон қоғамы тез жетілді. Ал көр­ші­міз Қы­тайдың қа­рыш­ты дамуына бү­кіл бір мемлекетті бір отбасы ретінде қа­рас­тырып, қоғам­дық мүддені жоғары қоятын және қоғамдық қатынастардың табиғаттың өзіндей шынайы болуын талап ететін Конфуций қағидат­тары­ның әсері мол секілді. Сонымен қалай алып қарағанда да соңғы жылдары өз елінде нарықтық қатынастарды, яғни экономиканың еркін болуын қамтамасыз ете отырып, көптің қамын ойлай алған мемлекеттер алға басып келеді.  Себебі әлемде қай елдің халқы бәсекеге қабілетті, яғни қай елдің халқы еңбекшіл, қай елдің халқы білімді, қай елдің хал­қы­ның денсаулығы мықты, қай елдің халқы бірлікшіл, міне, осындай елдер алға түсе бастады. Сондықтан, шама­сы келген мемлекет­тер­дің барлығы өз елінде осы талап­тарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін әлеуметтік бағыт­тар­ды берік ұс­тауға ниет танытуда. Осы үдерістің жарқын үлгісі біздің Қазақстанда да айқын байқалуда. Бұған көптеген салаларда жүзеге асырылып жатқан жұмыс­тарға қарай отырып, сонымен қатар соңғы екі жылдың бірқатар оқиғаларын баяндай отырып талай-талай мысал­дарды келтіруге болар еді. Біз бүгін соның бір ғана мәселесі – осы аптада Үкімет отыры­сын­да қарал­ған Қазақ­стан­дағы білім беру са­ласын да­мы­ту мәселесі туралы ғана әңгіме қозғадық. Міне, осы бір істегі алға қойыл­ған мақсаттар мен оған жету жолдарына үңілу ар­қылы Қаза­қ­стан­ның қандай мемлекет екен­дігін және қан­дай бағытты ұс­тап отыр­ған­ды­ғын анық бай­қауға бо­ла­ды деп есептейміз. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.