24 Қаңтар, 2017

Семейдегі жеке секторды неліктен су басқаны белгілі болды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed (5) Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Красный Кордон ықшамауданындағы аулаларын су алған тұрғындармен кездесіп, олардың тілсіз жаудың тұтқынында қалған үйлерінің жағдайымен танысты. Айта кетейік, өткен аптаның соңғы күндерінде қаланың жеке секторындағы бірнеше үйдің ауласын су басқан болатын. Кейбір үйлердің тұрғындары баспаналарын тастап та үлгерген еді. unnamed (6) Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Олар бұған су жүретін арналардың дұрыс әрі дер кезінде тазаланбауы себеп болғанын айтады. Кейбір тұрғындардың су арналарына қоқыс тастайтыны да жағдайды күрделендіріп отырған сыңайлы. «Су басқан тұрғын үйлерді аралап шықтық. Жағдай түсінікті болған секілді» деген қала әкімі тиісті орындарға тез арада Қарағайлы, Короткая, Дальняя, Омская, Грищенко көшелеріндегі су жүретін арықтарды мұқият тазартуды тапсырды. Қазір төтенше жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, мән-жайды анықтап жатыр. unnamed (7) Азамат Қасым, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы.