Бүгінде бір елді ғана емес, әлемді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұр. Оған қарсы күрес жүргізу үшін дүние жүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда. Ол бағдарламаны іске асыруға бюджеттен 38 млрд. теңге бөлінді. Аз қаражат емес. Сондықтан осы кезге дейін де бұл кеселмен күреске ел болып білек түре кіріскеніміз белгілі. Нәтиже де жоқ емес. Дегенмен енді оның одан әрі өрісін кеңейтіп, жасты да, кәріні де жалмаған жұлынқұртын мүлде жұлып тастауға жан-жақты жағдай жасаудың жаңа жолы қажеттігін уақыттың өзі алға тартты. Міне, соған орай кеше Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету шеңберінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес өкілеттілігі берілген ШЫҰ мүше мемлекеттердің құзыретті органдары басшыларының кеңесі болып өтті.
Онда негізгі мәселе ретінде есірткі бизнесіне бірігіп қарсы тұру, өзара ынтымақтастық жағдайында заңсыз есірткі айналымына қарсы күресте келісімді іс-қимыл жасасу жағдайы қаралды. Сондықтан бұл өзекті мәселені талқылауға Қазақстан жағынан Ішкі істер министрі С. Баймағанбетов, Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары Чжан Синьфэн, Қырғыз Республикасының есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметінің төрағасы Виталий Орозалиев, Ресей Федерациясының есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметі директорының орынбасары Олег Сафонов, Тәжікстан Республикасы президентінің жанындағы есірткіні бақылау жөніндегі агенттік төрағасының бірінші орынбасары Вайсидин Азаматов, Өзбекстан Республикасы министрлер кабинетінің жанындағы есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық ақпараттық-сараптама орталығының директоры Рахматулла Мухамедов және ШЫҰ-ның Бас хатшысы, ШЫҰ терроризмге қарсы өңірлік құрылымдық атқарушы комитетінің директоры, т.б. қатысты.
Қазіргі таңда Ауғанстандағы жағдай, есірткі трафигінің ауқымы талдаудың бірлескен тетігін құруды, есірткі ахуалының өршуіне жол бермеуді талап етеді. Сондықтан кеңес барысында есірткіге қарсы ведомстволар басшылары сындарлы жағдайда халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар, олар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың заңсыз айналымына қарсы күресте өз елдерінде ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру нәтижелері жөнінде айтып өтті. Ал кеңестің басты мақсаты 2011-2016 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясының және оны іске асыру бағдарламасы жобасын талқылау болды.
Аталған стратегия ұйым кеңістігінде заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл жасасу, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту жүйесін жетілдіру бойынша бағыттарды анықтайды. Осы есірткіге қарсы стратегия шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен қуаты есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің тиімді құралы болып табылады.
Александр ТАСБОЛАТОВ.

«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42