Қадағаң, қазақтың классик ақыны Қадыр Мырза Әлі туралы қағытпалардың бірінде оның үйінен шығып бара жатқан адамды қайта-қайта құшақтай беретіні жайында айтылатын. Онысы әлгі кісіні қимай тұрғаны емес. Үйінен кітап ұрлап кетіп бара жатқан жоқ па екен деген секемін білдірмей тексеру дейтін. Қаншама жыл тірнектеп жүріп жиған дүниесін Қадағаң солай да қорғаған секілді ғой. Молдарай Дүйсенбаевтың үйіне барғанымызда осы жағдайдың есімізге орала кеткені. Жастайынан білімге құштар болып, оң-солын танығаннан кітап жинаған екен, ақсақал. Бүгінде бұл кісінің кітап қоры 8 мыңнан асады. Қайда барса да, ең алдымен, кітап дүкеніне бас сұғады. Солайша, қоржынын жаңа кітаптармен толықтырып отырады. Бұрын айлығынан, қазір зейнетақысынан кітап алуға арнайы қаржы бөледі. Ең ғажабы, ақсақал жиған кітаптарының басын құрап, үйінен кітапхана ашып қойған. Керемет қой. Саналы ғұмырында жинаған кітаптары сөреде шаң басып тұрмасын, жастардың, ілім алуға ынтық азаматтардың, жалпы халықтың кәдесіне жарасын деп үйінен жекеменшік кітапхана ашады. Жақын жердегі мектептің оқушылары мен оқу орындарының студенттері Молдарай ақсақалдың үйіне келіп, өздеріне қажетті мәліметтерді тауып жатады. Еңбегінің еш кетпегеніне, жылдар бойына көзінің майын тауысып оқыған дүниелерінің елдің игілігіне жарап жатқанына бір рахаттанады. Gooqle мен Wikipedia үстемдік құрып тұрған мына заманда, Молдарай Дүйсенбаев не істеп отыр деңіз. Зейін салыңыз, айтайық. Саясаттану, әлеуметтану, медицина, философия, спорт, тарих, география, салт-дәстүр, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер секілді түрлі сала бойынша мәліметтерді кітаптан, газет-журналдардан жинап, қиып-көшіріп, оның барлығын бөлек-бөлек папка ретінде құрастырып шыққан. Оның ішіндегі ең сүбелісі тұлғатануға арналған бөлігі болса керек. Молдарай ақсақал бүкіл өмірінде білім беру саласында қызмет атқарыпты. Соған сәйкес, білім саласында да жинаған дерек қоры мол. Мұғалімдердің ашық сабағынан бастап ғылыми диссертацияға қажетті мәліметтерге дейін бар. Молдарай Дүйсенбайұлының үйінде білімге құштар жастың көкірек көзін ашатын, көкжиегін кеңейтетін осындай папкалардың ұзын-саны 300-ден асады. Ақсақал соңғы жылдары денсаулығының сыр бере бастағанын, сондай-ақ, кітапханаға адамдардың сирек келетінін айтады. Әрі-бері ойланып, туған жері Сұлутөбеден кітапхана ашуға бекініпті. Әл-әзір оған шамасы келетіндей емес. Осы орайда, Молдарай Дүйсенбайұлы мынадай ой айтып қалды. «Қазір мемлекет пен жекеменшік әріптестігі есебінен балабақшалар ашылып жатыр ғой. Құптарлық дүние. Міне, осындай әріптестік енді жеке кітапхана ашуға да қолданылса деймін. Балабақша ашамыз, мектептерді жаңадан саламыз. Енді оның ішіндегі балалардың да білімін ойлауымыз керек қой. Кітапханасы баяғыда тоз-тоз болып кеткен ауылыма барып, жаңасын ашқым келеді. Оны ашармын-ау. Бірақ соны ұстап тұруға, жұмысын әрі қарай жүргізуге жаңағы мемлекет-жекеменшік әріптестігі тәсілі қолданылса, үлкен көмек болар еді». Дүние емес, білім қуып, байлық емес, кітап жинаған Молдарай ақсақалдың арманы орындалады деп сенеміз. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» Қызылорда
Қаңтар айында зейнетақы ерте түсе ме? Министрлік маңызды мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 15:02
Елімізде полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Қоғам • Бүгін, 14:57
Биыл Жамбыл облысына 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған
Президент • Бүгін, 14:41
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды
Қоғам • Бүгін, 14:37
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі кеңейді
Қоғам • Бүгін, 14:17
Қазақстан боксшылары 2028 жылғы Олимпиадаға АҚШ-та дайындалады
Бокс • Бүгін, 14:06
Президент фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Президент • Бүгін, 13:20
Бауыржан Момышұлының мерейтойына арналған ұшу оқу-жаттығулары өтті
Тағзым • Бүгін, 13:00
Ұжымдық тұзақ: TikTok пен Instagram-нан неге шыға алмай жүрміз?
Қоғам • Бүгін, 12:53
Ұлттық ұланда Бауыржан есімді 249 әскери қызметші бар
Қоғам • Бүгін, 12:43
Жаңа Салық кодексі күшіне енсе оқу ақысы қымбаттауы мүмкін бе?
Қаржы • Бүгін, 12:31
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 12:20
Ұлан сарбаздары елордалықтарға мерекелік сый жасады
Елорда • Бүгін, 12:14
2025 жылы жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды?
Сауда • Бүгін, 12:05