25 Қаңтар, 2017

Сатылай оқытудың сапасы да жоғары

637 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
ERA_7598+Бүгінде балалардың қа­был­­дау қабілеті мен да­­рын­дылығы, ақ­па­раттық сауаттылығы өте жо­ғары. Білім саласының бі­­­лікті мамандары оқу­шы­ларды уақыт талабы­на сай жаңаша оқыту үшін, олардың білімге қы­­зығушылығын оятып, қазақ тілін жоғары дең­гей­де меңгеруде жаңа тех­нологияға мән беру қа­жеттігін айта бас­та­ды. Соның бірі – «Са­ты­лай кешенді оқыту» тех­нологиясы. Оның не­­гізін қалаушы – Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық уни­вер­ситеті қазіргі қазақ ті­лі теориясы және әдіс­те­месі кафедрасының про­фе­ссоры Нұрша Ал­жамбайқызы. 2013-2014 оқу жылынан бас­тап Астана қаласы бі­лім басқармасының ұй­­ғарымы және №66 мек­­теп-лицейдің ди­рек­­торы Айтжан Ермұхан­қызының қол­дауы ар­қылы осы білім ор­д­а­сын­да «Сатылай кешенді оқы­ту» технологиясы не­гізінде тәжірибелік жұм­ыс-­­ тар жүргізіле бастады. 2011 жылы ашылған №66 мек­теп-лицейдің мерейін үс­тем ететін біраз шаралар атқарылғанын бо­са­ғасынан кіре сала аңғардық. Жай­қалған гүлдер жаныңды жады­ратып, жаймашуақ көңіл күй сыйлай­ды. Ұстаздар да, оқушылар да ілтипатты. – Еліміздің көптеген мек­теп­терінде біраз жылдан бері бі­рін­­ші сыныптан бастап негізгі пән­дермен қатар таңдау пәндері «Са­ты­лай кешенді оқыту» технология­сы бойынша оқытылып келеді. Бұл – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғы­лы­ми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларды ұлт­тық құндылықтарды бағалап, қол­да­на білуге машықтандыратын оқы­ту технологиясы. Сатылай ке­шенді оқыту – оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, әр пәннің ғылыми мазмұны мен жүйесін талдап, үйретумен қа­тар, ойын дұрыс жеткізуге, әдеби тіл­де сөйлеп үйренуге, ана тілінің бай­лығын бағалай білуге баули­тын ұлттық төл технология. Се­бебі, қазақ тілін оқыту арқылы хал­қымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын, тағы басқа пән­дердің жиынтығын құрап, оқу­шы­ларға жан-жақты білім беруге, оларды ұлтының биік тұлғалы аза­маты етіп қалыптастыруға мүм­кіндік береді. Оған өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар, Алаш арыс­тарының психология-педаго­ги­ка, әдістеме саласындағы құнды ғылыми тұжырымдары, көрнекті ға­лым­дар­д­­ың оқыту, тәрбие ту­ралы ғылыми еңбектері мен әдіс­те­мелік кешендері негіз етіп алынды, – дейді Нұрша Алжамбайқызы. Бұл білімді белгілі бір көлем­де беріп, қажетті шеберлік пен дағ­дыны меңгертумен ғана шек­тел­мейді. Баланың жан-жақты же­ті­луіне, ойлау мен есте сақтау, қиял­дау мен елестету сияқты та­нымдық-психологиялық қа­сиет­терінің жақсы үйлесіммен да­муына мүмкіндік береді. Осы ар­­қылы ана тілінде ойлайтын, ұлт­тық мәдениетті меңгерген тұл­ға қалыптасады. Сондықтан бұл жүйе­ге бүгінгі таңда оқу­шы­лар­дың да, мұғалімдердің де қы­зы­ғу­шылығы жоғары. Аталған технология бойын­ша білім алған оқушы еркін ой­лау­ға, пікірін жасқанбай ай­ту­ға, жи­нақтаған әдеби білім қо­рын орын­ды қолдануға дағ­ды­ла­нады, та­нымдық болмысын қа­лып­тас­тырады. Оқушылар бірте-бір­те шы­ғармашылық ізденіс деңгейіне жетеді. Жаңа технологияның мақсаты – ана тілін жетік меңгерген, жан-жақты тұлға қалыптастыру. Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары дең­гейде орындай білуге үйрету, кез келген ортада ойын шешен же­ткізе білуге машықтандыру. Нұрша Алжамбайқызы автор­лық жобасын алғаш Ш.Смағұлов атын­дағы Алматы облыстық №1 мек­теп-интернатында бастап, ғылыми жаңалық ретінде енгізген. Облыстың әр ауданынан келген 200 балаға білім үйретті. Барлығы дерлік жоғары оқу орнының грантына ие болып, алғашқылары ғылым кандидаттары атанып отыр. «Бұл жоба менің докторлық диссертациям болатын. Фило­ло­гия факультетіне түскен студенттер тілінің қасаңдығы, олардың ойын жетік деңгейде жеткізе алмауы мені бұл істі әрі қарай дамытып, тәжірибелік жұмысты да өзімнің атқаруыма түрткі болды», дейді ол. Тағы бір мәселе, басқа пән­дер­ден дәріс беретін мұғалімдер де бұл технологияға қызығушылық та­нытып, сабақ барысында қол­да­нуда. – «Сатылай кешенді оқыту» тех­­нологиясы бойынша біз әр ды­­бысты жеке-жеке дауысты, дауыс­сыз деп талдап, одан кейін ол дыбыстың өзінің ерекшелігіне бай­­л­анысты сатыға салып өте­міз. Қазір балалардың көбі Еуропаға елік­тейді. Басқа тілдерді үй­ре­ну­ге құлшынады. Біз бұл ретте ағылшын тілін оқытып, сол ар­қылы оларға қазақтың салт-дәс­түрін, ақын-жазушыларын қатар үйретуді қолға алып отырмыз. Бұл осы технологияның бір тиімділігі, – дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мақпал Тойшыбекқызы. Баласының сапалы білім алып, саналы азамат болып өсуі кез келген ата-ананың арманы. Бұл тех­нология оларды алаңдаудан ары­лтып, керісінше, көңіліне қуаныш сыйлағанын айтқан сө­зінен аңғардық. – «Сатылай кешенді оқыту» тех­нологиясын шын мәнінде қазақ­тың тарихы мен әдебиетінің, ру­ханиятының, гендік кодының сыры тұнған қазына деп ойлаймын. Елестетіп көріңізші, қарапайым ғана бір өлеңнің өзін оқы­ған соң, сол мезетте оның авторы туралы мәлімет айтып, та­қырыбын, идеясын жіліктеп, буын-бунағын жіктеп, теориялық ұғымдарды саралап беретін бастауыш сынып оқушысын жиі кездестіреміз деп айта алмаймыз ғой?! Немесе дүниетану пәнінен «су» дегенде, судың анықтамасын, хи­миялық құрамын, қолдану аясын ғана емес, су туралы мақал-м­ә­телді зуылдата жөнелетін оқу­шы­­ны көрсеңіз тамсанғаннан бас­­қа амалыңыз қалмас еді. Ал ен­ді осы дүниелерді үш тілде бір­­д­ей талдап, таразылап, ой еле­гінен өткізе алатын білімді ұрпақ болашақта өмірден өз орнын тауып, біліммен құлшына сусындайтынына күмән келтіре аламыз ба?.. Барлық пәндерге туған тілінің ғажайыптары мен кең мүмкіндігін терең ұғынып, үңілген жас буын патриот болмауы мүмкін бе?!. Кө­зіммен көріп, көңіліммен түйе оты­рып, өз перзентімнің де осындай ерекше, туған ұлтымыздың құн­дылықтарына бейімделе жа­са­ған төл технологиямен білім алу­ын қаладым, – дейді ағынан жа­рылған ата-аналардың бірі Алма Сайлауқызы. Ұстаздардың да, ата-аналар мен оқушылардың да «Са­ты­­­лай оқыту технология­сы» ту­ра­­лы пікірі жоғары. Елімізде Қанипа Бітібаева атын­дағы атау­лы мектептің, Ұлжалғас Әмзе­қы­зы атындағы гео­гра­фия­дан рес­­­публикалық мек­теп­тің ба­рын білеміз. Нұрша Алжам­бай­қызы­ның да өзі зерттеп жүрген саласы бойын­ша атаулы мектепке ие бол­ма­сына кім кепіл?.. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан» АСТАНА