Оқиға • 09 Қазан, 2024

Мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдамақ болғандар ұсталды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасының арнасын жойған, деп хабарлайды  Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдамақ болғандар ұсталды

Фото: polisia.kz

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылған.

Анықталғандай, іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленген.

«Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.