02 Сәуір, 2011

Бір құбылыстың алуан қырлары

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Таяу күндерде қоғамдық саладағы антисемитизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Парлагада өткен жоғары деңгейдегі конференцияға Парламент Сенатының депутаты, ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі Әділ Ахметов қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Литва төрағалық ететін ЕҚЫҰ ұйымдастырған шараға Ұйымға қатысушы 32 елдің де­легаттары, ҮЕҰ және ха­лық­аралық ұйымдар өкілдері келді. Конференцияның күн тәртібіне қойылған мәселе­лер­ді талқылау барысында толерант­ты­лықты қам­тамасыз ету және ілгерілетудегі, антисемитизмге қар­сы кү­рестегі күш-жігерді қолдауға ба­ғытталған тетіктерді қалыптас­ты­рудағы бұқаралық ақпарат құ­ралдарының рөлі атап өтілді. Пікірсайыс барысында сөз алған Ә.Ахметов бұл саладағы ақпарат ресурстарының деректер беру тәжірибесі антисемиттік ың­ғай­дағы шаралардың жолын кесуге емес, оны қоздыруға ықпал ететінін атап өтті. Сенатордың айтуынша, нәсілшілдік, ксенофобия, антисемитизм және төзбеу­шіліктің басқа да түрлері бір құ­былыстың алуан қырлары болып табылады. Ол сондай-ақ Холо­костқа әкеліп соққан антисемитизмді зерделеу толерантты­лық­ты ілгерілетуге және төзбеу­ші­ліктің, нәсілшілдіктің және ксено­фобияның жолын кесуге ықпал ететін білім берудің ма­ңыз­ды бөліктері бола алатыны туралы пікірін білдірді.