Сенаторлар өз бетінше жұмыспен айналысушыларды дәрігерлік сақтандыру тетіктерінің болмауына алаңдаушылық білдірді. Сенатта Қазақстан Республикасының міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне әзірлік және оны енгізу мәселелері бойынша кездесу болды.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің бастамасымен өткен шараға Парламент депутаттары, Денсаулық сақтау министрлігінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты. Ал кездесуді Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова ашып, жүргізіп отырды. Сенатор міндетті медициналық сақтандыруды енгізу Президент Н.Ә.Назарбаевтың бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы жеке бағыт (80-қадам) ретінде қарастырылғанын атап көрсетті.
Бұл үлгінің негізгі басымдығы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі қағидасы негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығының сақталуын күшейту болып табылады. Қазіргі кезде бұл салаға қажетті құқықтық негіз қалыптасты. Парламент «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілерге тиісті түзетулерді қабылдады. Таяу уақытта заң шығару органына кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы енгізіледі.
Шараға қатысушылар алдында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрайымы Елена Бахмутова сөз алып, депутаттарды қордың қызметі, оның ұйымдастыру құрылымы мен алдағы жылдарға даму жоспары туралы хабардар етті. Е.Бахмутова атап өткендей, Қордың негізгі мақсаты денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану, тарифті белгілеу мен қызмет көрсету төлемдері жөніндегі бірыңғай қадамдар және саланың қаржылай тұрақтылығын күшейту болып табылады.
Талқылауға қатысқан Сенат депутаттары Ақан Бижанов, Серік Бектұрғанов, Әли Бектаев, Нұрлан Қылышбаев, Сәрсенбай Еңсегенов және Бекмырза Еламанов қазіргі өзекті мәселелерді айта келіп, бірқатар сауалдар қойды және қаралып отырған тақырып бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жаңа үлгінің әлсіз жақтары мен қордың тұрақтылығын қолдаудың келешегі және оның активтерінің сақталуы жан-жақты сарапқа салынды. Сенаторлар ауылдық жерлерде тұратын 2,5 миллионға жуық өз бетінше жұмыспен айналысушы адамдарға дәрігерлік сақтандыру тетіктерінің болмауына байланысты алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, сақтандыру жүйесіне барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының әр қадамын нақты белгілеу ұсынылды. Пікірсайыс нәтижесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тиімді енгізуге бағытталған ұсыныстар әзірленетін болды.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
• 27 Қаңтар, 2017
2,5 миллион қазақстандық медициналық сақтандырусыз қалуы мүмкін

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр
Елорда • Кеше
Алматы зообағында Амур жолбарысы күшіктеді
Жануарлар • Кеше
Алматы тауларында турист ауыр бас жарақатын алды
Оқиға • Кеше
Қостанай облысында су тасқыны салдарынан жол жабылды
Аймақтар • Кеше
Мысыр баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды
Оқиға • Кеше
Қазақстанда 72 мың бала дене шынықтыру сабағынан босатылған
Қазақстан • Кеше
Найзағай және қатты жел: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында жол опырылып түсті
Оқиға • Кеше
Ақтөбе облысында шенеунік пен екі депутат 672 млн теңге жымқырған
Жемқорлық • Кеше
Шымкентте балаларын қорлаған анаға сот үкімі шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе облысында орман қорының аумағы 30% ұлғайды
Қоғам • Кеше
Шымкентте Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағы талқыланып жатыр
Технология • Кеше