27 Қаңтар, 2017

Байыпты әрі салмақты қадам

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы қазақстандықтарға арнаған конституциялық реформалар жөніндегі Үндеуінде ерекше маңызды мәселелерге басымдық беріп отыр. Елбасымыздың бұл мәлімдемесі өзінің мазмұндылығымен және стилистикалық құрылымымен дарала- нып тұр. Сарапшылар Үндеудің мәтініне талдау жасау арқылы алда тұрған реформалардың негізгі басымдықтарын көрсетіп береді деген ойдамын. Президент сөзіндегі жаңалық, ол – байыпты әрі салмақты өзгерістер. Маңыздылығы мен ауқымдылығы бойынша, оны 90-жылдарда қабылдауға ниеттенген заңнамалармен салыстыруға болады. Себебі, енді жаңа тәртіпке сәйкес, Үкіметтің өкілеттілігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдын- да тоқтату көзделіп отыр. Сондай-ақ, Үкімет мүшелеріне Парламент пала- талары тарапынан сенімсіздік білдіру тәртібі оңайлатылады. Тағы бір назар аударатын мәселе, Президент өкілеттігінің белгілі бір бөлігін Үкіметке беру. Мысалы, Президенттің қолданыстағы актілерді ауыстыру немесе тоқтату құқығын Премьер-Министрге, Үкіметке беру. Бұрындары нарықтық экономика- ны тездетіп жүзеге асыру үшін осы сияқты өкілеттіктер күшті саяси орталықтардың құзыретінде болған. Ұсынылып отырған конституциялық ре- форма мемлекет өзінің қалыптасуының бір кезеңін аяқтап, енді қызметінің жаңа механизмдерін іске қосқанын білдіреді. Осы өзгерістердің аясында Парламенттің рөлі мен мәртебесі ар- тады, сондай-ақ, Үкіметтің дербестігі күшейеді. Дегенмен, Қазақстан президенттік республика және унитарлық мемлекет болып қала береді. Бұл өзгерістер қандай да бір ішкі немесе сыртқы факторлардың ықпал етуімен және қысымымен және басқа жағдайларға байланысты қолға алынып жатқан жоқ. Біз ешкімнің тәжірибесін көшіріп алғамыз жоқ. Конституциялық реформалар еліміздің болашақта дамуы үшін жасалып отыр. Елбасымыз саяси ре- формаларды кешенді және жүйелі түрде жүргізу қажеттігін әрқашан айтып келеді. Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын жария еткен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында жүзеге асырыла- тын реформалардың қатарын осындай саяси даму бастамалары да толықтырып отыр. Осылайша, Елбасымыз мемлекет алдына жаңа саяси күн тәртібін ұсынды. Ерлан ҚАРИН, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры