Өткен ғасырдың дүние төңкеріліп түскен кезінде, яғни КСРО тараған кездегі ең атақты суретшілерінің бірі Маслов болды. Өз елімізде де, шет елдерде де танымал суретшінің соңынан шындыққа бергісіз әңгімелер желдей есіп жататын. 2002 жылы қайтыс болған кезінде тіпті америкалық атақты әнші Уитни Хьюстонның өмір жасы ұзақ болуы үшін «өз еркімен жан тапсырған» деген сықылды аңыз тарап, жұртшылық оның шығармашылығына емес, аңызға айналған өміріне қызығушылық танытқаны бар.
Сергей Маслов Ресейдің Самара қаласында дүниеге келгенімен, Алматыда тұрған, осы әсем қалада өнермен айналысып, төрткүл дүниеге танымал болды. Ол тек суреттің ғана емес, жазудың да адамы еді. Дәлел – «Мертвые идут» атты атақты эссесі және өз замандастарына арнап жазған, бірақ аяқталмай қалған романы «Звездные кочевники». Ал, сурет өнерімен отыздан асып барып шындап айналысқан Сергей көркемсурет, графика, инсталляциялар жасаған. Ол сол кездерде шығыстық мистицизм мен стильдік эклектик бағытын дамытқан «Түнгі трамвай» көркемөнер тобының жетекшісі болатын. Ал, өзінің басты шығармашылық қағидасы ретінде мифтік шығармашылықты таңдап алады.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы қоғамдық өмірдегі өзгерістер өнердің қай саласында да еркіндікке жол ашқаны мәлім. Қаптаған «измдердің» дендей еніп кеткені де осы тұс. Бірақ, өнер адамының өзін іздеу, штамптан, қатып қалған қалыптардан шығуына да бұл еркіндіктің әсері болды. Масловтың адам баласына тән сезім атаулыны шығармашылығына өзек етуі де оның өнердегі даралығын көрсете алғандай. «Медитация», «Сиқыршы», «Уитни», «Даладағы ақ түндер» атты танымал шығармалары шынайылығымен, тірі, қозғалыстағы бейнелер сынды қабылданатындығымен құнды. Суретші көк түстерге басымдық береді. Бірақ, ол өзінің бір жазбасында түстерге аса мән бермейтінін, оны декоративтік жұмыс деп санайтынын, тіпті, түстердің миды анаша сынды тұмандандырып жіберетінін жазады. Сондықтан оның негізгі басымдық беретін нәрсесі – идея. Идея демекші, оның қазақтың киіз үйін ғарыш кемесіне теңеп, портрет арнағаны назар аудартады. Өнер адамдарын вампирлер, зомбилер, кәдуілгі жандар деп үш топқа бөлетін суретшінің вампирді бейнелеген портреті тіпті қызық. Адамда таң қалу, үрей, қорқу, қызығу сынды қат-қабат сезімдер туғызады.
Иә, сөйткен Сергейдің де өмірден өткеніне он бес жылдың жүзі болған екен. Өмірден ерте кеткен талантты суретшіге құрмет үшін Ұлттық музей Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейімен бірлесіп «Сергей Маслов. Жұлдызды көшпенді» атты жеке көрме ашты. Бұл көрменің ашылуына Сергейдің өнердегі дос-жарандарының да қосқан үлесі баршылық. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығын халыққа таныту мақсатында ашылған бұл көрме наурыздың соңына дейін жұмыс істемек.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ,

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32