31 Қаңтар, 2017

«Жағдай жасалмай, қысқы спорт дамымайды»

624 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
DSC_0002 (1)– дейді атақты шаңғышы Иван Гаранин ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада қарсаңында Қостанайдағы өңірлік  эстафетаның алауын аты аңызға айналған шаңғышы, 1976 жылғы Инсбрукте өткен қысқы Олимпиаданың  қола жүлдегері Иван Гаранин  тұтатты. Мұны жұртшылық  жастарға, Универсиадаға қатысатын  қостанайлық, қазақстандық спортшыларға атақты  шаңғышының берген батасындай қабылдады. Біз осы салтанатты көріністен кейін атақты шаңғышыға бірнеше сұрақ қойған едік. Иван Иванович, Уни­вер­сиада алауының өңірлік эста­фетасынан сізді көргеніне жастар өте қуанышты еке­нін білдірді, олардың ыс­тық ықыласынан, қол шапа­лақ­таған көңіл-күйінен мұны сезген боларсыз? Әрине, менің де бүгінгі қуанышым жастардан кем емес. Бұл – үлкен мереке. Қысқы Универсиада Қазақстанда өтеді деген ой бұрын ешкімнің түсіне де кірмес еді. Бүкіл ТМД елдері төңірегінде Қазақстан осындай дүниежүзілік спорт шарасын өзінде өткізу құрметіне ие бо­лып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, осы шараға атса­лысқан барлығына алғысым шексіз! Мұндай әлемдік спорт додасы біздің жастардың қыс­қы спорт түрлеріне, жалпы спорт­қа ынтасын оятады. Пре­зи­дентіміз 2020 жылы халық­тың 30 пайызы бұқаралық спорт­пен айналысатынын айт­қан жоқ па еді? Біз сол меже­ден көрінуіміз керек. Сон­да Қазақстанда әр үшінші адам денешынықтырумен, спорт­пен айналысатын болады. Өйт­кені, спорт өмір, спорт бейбітшілік, спорт жігер, денсаулық. Сіздің жанкүйер­лері­­ңіздің «Иван Гаранин бүгін­де қайда жүр, немен айна­лы­сады екен?» деп іздеуі заң­дылық қой? Оған рахмет! Менің жасым биыл 71-ге кетті. Бірақ қарап отырғаным жоқ, ауырып көрген адам емеспін. Спорт­тың арқасы ғой. Қазір Рудный қала­сында шаңғы спорт клубын басқарамын. Оған негі­зі­нен спорт ардагерлері қаты­сады, осы кезге дейін түрлі деңгейдегі 22 медальды қан­ж­ы­ға­ладық. Клубта арда­­гер­лер арасындағы үш әлем чем­пионы бар: Светлана Пари­сеева, Марина Осипова және мен. Қалада қысқы спорт түр­лері­нен, әрине, негізінен шаңғы спортынан түрлі жарыстар өткізуге мұрындық боламыз, көмектесеміз. Балалар жарыс­тарын ұйымдастырып, одан қалмаймыз. Осының барлығы да мен үшін маңызды іс болып саналады. Жалпы, облыста қыс­қы спорт түрлерінің, оның ішінде шаңғы спортының өріс алуына көңіліңіз тола ма? Толмайды. Қысқы спорт түрлері бұқаралық күш ала алмай тұр. Оның себеп­тері бар. Оған ең алдымен, жағ­дай керек. Мысалы, шаңғы спорты үшін шаңғы жолы бізде жоқтың қасы. Сәуірден бас­тап, қарашаға, яғни қар жау­ғанға дейін шаңғышы қайда дайындалады? Мына тұрған Ақмола облысында 4 шаңғы жолы, Павлодарда екі шаңғы жолы бар. Спорт дамуы үшін оған жағдай жасалуы керек. Бірақ мен үмітімді үзбеймін, экономика дамып, әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешімін тауып жатыр ғой, облыста шаңғы жолы жасалады деп ойлаймын. Екіншіден, біздің өңірдің табиғаты қатал, қысы суық, желі күшті. Мұның өзі екі­нің бірі­нің шаңғыға деген ықыла­сын оята қоймайды. Шаңғы на­­ғыз жігерлілердің, қайтпас қай­­сар­лардың спорты. Рудный қала­сында шаңғы спортына ата-аналар үшінші сыныптан бастап балаларды әкеліп жатады, бірақ кейін іріктеле келе нағыз төзімділер ғана қалады. Шаңғы спорты халықаралық спорт жарыстарында ең негізгі қысқы спорт түрі болып табыла­ды. Сондықтан оны дамыту керек, ол үшін тек жағдай жасалуы қажет. – Универсиадада еліміз шаңғышыларынан қандай үміт күтесіз? Мен болжам жасамаймын. Жастардың тер төккен күн­дері артта қалды. Қанша да­йын­далғанымен кейде оның тағдырын жарыстың сәті де шешіп кетеді. Біздің шаңғы­шылар дайындығының осал еместігіне сенемін. Сондықтан мен де жанкүйер ретінде ме­даль­дар күтемін. Бұл жа­рыс­та жастарымыз жеңіске же­тіп жатса, еліміздің даңқын тағы да аспандатады. Спорт кере­меті­нің бірі де осы емес пе? – Әңгімеңізге рахмет. Қа­шан да қатарда жүре беріңіз! Әңгімелескен Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»   Қостанай