Smart City стандарттары
Жылдам түрде қалалану бүгінгі көліктік, апаттық-құтқару, коммуналдық сияқты қызметтерге жүктеме әкеледі, сондай-ақ, тұтынылатын ресурстар көлемін арттырады. Әлемде «Ақылды қала – Smart City» тұжырымдамасы кеңінен таралуда. Бұл – ақпараттық-технологиялық коммуникацияларды қолданып, қала тіршілігінің экологиялық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің инновациялық жүйесі, сондай-ақ, қаражаттарды тиімді шығындау. Біздің елімізде «Smart City»-дің жекелеген элементтері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында іске асырылуда. Халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан биыл жоғарыдағы жобаны іске асыруға көмектесу, «Ақылды қала» инфрақұрылымын жоспарлау және жүзеге асыру, сондай-ақ қаланың тұрақты даму менеджменті жүйесіне талаптар жасау мақсатында негіз қалаушы 9 ұлттық стандартты әзірлеп, бекітті.«Индустрия 4.0» – ел игілігі
Алғашқы өнеркәсіптік революция бу мен судың энергиясын, ал екіншісі электр энергиясын пайдаланумен байланысты болғаны мәлім. Үшінші революция шеңберінде сандық технологияларды пайдалану есебінен жекелеген өндірістік процестер автоматтандырылған болатын. Енді төртінші өнеркәсіптік революция адамзаттың жаңа технологиялық серпілісіне айналуда. Дайын өнім шығару мен оны өткізу ортасына орналастыру адамның ең аз қатысуымен жүзеге асырылуға бағытталған. Бұл киберфизикалық жүйелер негізінде барлық өндірістік процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді, өнімділікті және азаматтардың еңбек төлемдерін арттырады. Осы бағытты іске асырудың маңызды құралы – стандарттау. Өйткені, стандарттар зияткерлік өндіріс жасауды мүмкін қылмайды, тиімді және пәрменді қылады. Бүгінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар арасында «Индустрия 4.0»-ге ауысуды талдау және ынталандыру бойынша қажетті стандарттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Техникалық реттеу және метрология, федералды физика-химиялық институты мен Неміс өндірістік процестерді автоматтандыру институты «Орталық Азия елдерінде сапа инфрақұрылымын дамытуды қолдау» өнеркәсіптік метрологияны дамытуға бағытталған бірлескен жобаны және «Индустрия 4.0» саласында тәжірибе алмасуды іске асыруда.Құрылыс саласында қайшылықтар бар
Құрылыс саласында қолданыстағы көп деңгейлі нормативтік база міндетті құжаттардың көп түрлілігімен айрықшаланады. Бір ғимарат салу үшін әртүрлі дәрежедегі, деңгейдегі және мазмұндағы ондаған міндетті құжаттарды талдау мен қолдану қажет, кейбірі бір-бірін қайталайды және қарама-қайшы келеді. Көптеген құжаттар кеңестік нормалау институттарының мұрасы іспеттес. Бұл жағдай халықтың тиісті қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қоймай, кәсіпкерлік қызмет үшін де кедергі келтіреді. Осыны шешу үшін Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика министрліктері қайталаушы және қайшы келетін талаптарды алып тастау, құжаттар санаттарын қысқарту үшін құрылыс саласында техникалық реттеу жүйесін реформалау, қолданыстағы нормативтік базаны құрылымдау бойынша бірлескен жоспар қабылдады.Көрсетілетін қызметтер көңілден шыға ма?
Көрсетілетін қызметтерді біз күніне бірнеше рет пайдаланамыз – дүкендерде, базарларда, қоғамдық көліктерде... Ал бізді көрсетілетін қызметтің сапасы қанағаттандыра ма? Адамдар сервиске шағымданғанда көбіне нақты не ұнамағанын түсіндіре алмай дал болады. Сондықтан, қызметтер саласында жұмыс істейтіндерге тұтынушыға не қажет екенін түсіну қиынға соғады. Қазақстанда көрсетілетін қызметтерді дамытуда сапа инфрақұрылымы бар. Бірақ көрсетілетін қызметтер сәйкестігінен міндетті растауды алып тастағаннан кейін, ол толық көлемде пайдаланылмайды. Мүмкін, кәсіпкерлерде де, тұтынушыларда да еріктіліктің дұрыс ұғымы болғандықтан да шығар. Көрсетілетін қызметтерді сертификаттау – ең алдымен, көрсетілетін қызметтер жабдықтаушыларына пайдаланушының сенімін растау. Біржан ҚАНЕШЕВ, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы