Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы делегациясының мәлімдемесінде ПА делегациясы (ЕКПА) 2011 жылдың 3 сәуірінде болып өткен Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын қуана құттықтайтыны айтылған. Сайлауға жауапты лауазымды адамдар өз жұмыстарын тиімді ұйымдастырып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Біз байқаған сайлау учаскелері сайлауды өз деңгейінде өткізу үшін барлық жағдай жасалғандығымен ерекшеленді. Жалпы, сайлау ауаны іскерлік жағдайын байқатты. Адамдардың сайлау учаскелеріне келуі жоғары деңгейде болды, бұл жұртшылықтың үдеріске сенімділігін көрсетті.
Делегация БАҚ-тарда сайлауалды науқаны теңдестірілген жағдайда өткендігін айғақтайтын тәуелсіз байқаушылардың ақпараттандырылуынан да айқын көрінді. Сайлау үдерістері жұртшылықтың аталған науқанға кең көлемде дайындалғандығын анық көрсетіп берді, делінген мәлімдемеде.
Осы уақытта ЕКПА делегациясы теңдей емес сайлау жағдайына, кейбір саяси күштердің сайлауға бойкот жариялау туралы шақыруларына алаңдаушылық білдіріп, электорат үшін сайлау қысқарған тұрғыда өтті. Соған қарамастан, осы жай Қазақстанда күшті оппозиция құру қажеттігін атап көрсетті. Сондықтан ЕКПА Қазақстандағы саяси мәдениеттің одан әрі дамуына септесуге әркез дайын. Бұл өз кезегінде саяси тұғырнамалардың кең мүмкіндігін таңдауға көмектеседі. Сонымен бірге, бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда үдерістің өз деңгейінде өткенімен, шынайы демократия мәртебесін иелену үшін Қазақстанға әлі де болса кейбір нәрселерді жақсартқан артықтық етпейді.
ЕКПА Қазақстандағы сайлауларды бұған дейін-ақ байқаған болатын. Соған орай сайлаудан сайлауға дейінгі ахуалдың жақсы жағына қарай өзгергенін қанағат сезімімен атап көрсетеді. Делегация кез келген елдегі сайлауларда көрініс беретін кейбір кемшіліктерге қарамастан, бұл сайлаудың нәтижелері қазақстандық сайлаушылардың еркін шын мәнінде анық көрсететінін атап өтеді.
* * *
«Ақ жол» демократиялық партиясының төраға Әлихан Байменов қол қойған мәлімдемесінде Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы Н.Ә.Назарбаевтың айқын жеңісімен аяқталғаны айтылған.
Біз Елбасын қоғамдық қолдаудың жоғары деңгейі Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттігін арттыру жолында елді жұмылдырудың негізі болатынына сенімдіміз. Сайлау нәтижесі экономикалық реформалар мен әлеуметтік-саяси модернизациялаудың келесі кезеңін жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаны қолдаудың кең көлемді әлеуметтік тірегі бар екенін көрсетті.
Нұрсұлтан Әбішұлын жеңісімен құттықтай отырып, елді өркендету, халық ахуалын көтеру, мемлекеттілікті нығайту және Қазақстанның демократиялық дамуы бағытындағы қызметіне табыс тілейміз, делінген мәлімдемеде.
* * *
Президенттік сайлауда кандидат болып түскен Мэлс Елеусізов сайлау қорытындысына орай мәлімдеме жасады. Мені қолдап, маған дауыс берген азаматтардың барлығына ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ мен сайлау науқанында мен үшін тер төккен қолдаушыларыма да ризамын, дейді өз мәлімдемесінде М.Елеусізов.
Көптеген қазақстандықтардың менің тұғырнамамды қолдауы менің алған бағытымның дұрыс екенін көрсетеді. Мен алдағы уақытта да баяғысынша Қазақстанның демократия жолымен дамып, мемлекеттілігіміздің нығайып, азаматтық қоғамның дамуы жолында тер төге бермекпін. Әрине, бұл ретте менің экологиялық қауіпсіздік мәселесін де назардан тыс қалдырмайтыным белгілі.
Қазақстандағы президенттік сайлаудың еркін әрі әділ және қолданыстағы заң талаптарына сай өткендігін мойындау керек.
Мен Орталық сайлау комиссиясы жария еткен дауыс беру қорытындысы берілген дауыстардың шын мәніндегі нәтижесі болады деп үміттенемін. Қазақстан халқының басым бөлігі дамыған мемлекет пен демократиялық қоғам қалыптастырудағы жетістіктерді Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырады. Нақты әрі әділ бәсекелестік менің бүгінгі мемлекетке тап осындай көшбасшы қажет екендігіне көзімді жеткізді.
Сондықтан да мен Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы сенімді түрдегі жеңісімен құттықтаймын және оған Қазақстан халқына қызмет ету жолындағы еңбектеріне табыс тілеймін.
* * *
Президенттікке кандидат Ғ.Қасымов кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындылары бойынша мәлімдеме жасады.
Өткен президенттік сайлау Қазақстанды демократиялық және құқықтық мемлекет құру бағытына қарай ілгерілету жөнінде таңдаған біздің жолымыздың дұрыстығын тағы бір рет айқындады. Мен қазақстандықтардың едәуір бөлігінің біздің сайлауалды тұғырнамамызды кеңінен қолдайтынына және Қазақстанның барлық өңірінде жақтастарымыз бен пікірлестеріміздің саны артып отырғанына көзім жетті. Сондықтан да маған дауыс бергендерге, сондай-ақ сайлау науқаны барысында мені қолдап қажымас күш-жігер танытқан әріптестеріме өзімнің ризашылығым мен алғысымды білдіремін, деген Ғ.Қасымов.
Сайлау науқаны ашық, әділ әрі мейлінше демократиялық негізге құрылды.
Біз өмірге шынайы көзқараспен қарап, алға көз жіберуіміз керек. Ал, өмірдің шындығына келсек, қазақстандықтардың басым бөлігі Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы болып қалуына дауыс берді. Бұл айқын жеңіс бүкіл халықтың Тұңғыш Президентіміз жүргізіп отырған дана саясатына деген жоғары сенімін айғақтап берді. Жаңа сайланған Президентті жарқын жеңісімен құттықтай отырып, Елбасына Қазақстанның алдағы өркендеу жолындағы еңбегіне жеміс тілеймін, делінген Ғ.Қасымов мәлімдемесінде.