Алдын ала ескерте кету керек. Бұл қорытынды нәтиже емес. Еліміздің оңтүстігі мен батыс аймақтарының арасында 1 сағат уақыт айырмашылығын ескерсек, онда ӘмСА түн ортасында жариялаған нәтижелер әлі де толыға түсуі қажет.
Сонымен, ӘмСА-ның жедел жариялаған мәліметтері мынадай. ӘмСа президенті Бақытжамал Бектұрғанованың мәлімдеуінше, Қазақстан бойынша халықтың сайлауға қатысуы орта есеппен 84,9 пайызды құраған.
– Президенттік сайлауда басым дауысты Нұрсұлтан Назарбаев иемденді – оған сауалдамаға жауап берушілердің жалпы санының 94,82 пайызы дауыс берді. Екінші орында – Патриоттар партиясының көшбасшысы, сенатор Ғани Қасымов (2,17 пайыз). Одан кейін Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының өкілі Жамбыл Ахметбеков (1,57 пайыз) болса, бұл тізімді «Табиғат» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов аяқтап тұр. Оған еxit- рoll сауалдамасының нәтижесі бойынша сайлаушылардың 1,44 пайызы өз дауыстарын берді, – деді Бектұрғанова.
Кеше, яғни 3 сәуірде ӘмСА-ның арнайы сауалдама жүргізушілері таңғы сағат 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін сайлау учаскелерінің алдында тұрды. Сауалдамаға еліміздің 14 облысының және Астана мен Алматы қалаларының сайлаушылары тартылған. Бұл сауалдамаға қатыстырылғандар еліміздегі бүкіл сайлау жасындағы бүкіл халықтың 1,2 пайызын құрайды. Яғни, барлығы шамамен 110 мың адам. Оның ішінде 75 пайызы – қалалықтар, 25 пайызы – ауыл халқы. Қалалардағы сайлау учаскелерінің саны – 74, ауылдағысы – 28, – деді ӘмСА жетекшісі.
Сауалдаманы өткізуге ӘмСА-ның аймақтық желісі қатыстырылған. Бұл – шамамен 700 адам. Барлық қызметкерлер еxit-рoll әдістемесінің негізінде сайлаушылармен жұмыс жүргізу технологиясы бойынша оқыту курсынан өткен. Және сауалдамаға қатысты жұмыстарға саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыстырылмаған.
Еxit-рoll нәтижесі бойынша сайлауға ең белсенді қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы – 98,7 пайыз. Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі – 65,3 пайыз. Бұған кеше Алматыдағы аса қолайсыз ауа райының да кері әсері болғаны байқалады.
Және 1 мыңға тарта адам сауалдамаға қатысудан бас тартқан. Сондықтан да Орталық сайлау комитеті мен ӘмСА көрсеткіші арасында айырмашылық болса, осыдан туындауы мүмкін. Бірақ, бұрын-соңды еxit-рoll тәжірибесінде дәл осындай қатысу болмаған. Толайым алғанда, ел сайлауға белсенді қатысты деп есептеуге болады, – деді Бектұрғанова.
Баспасөз мәслихатында Б.Бектұрғанова ханым бірнеше сайлау учаскесінде өздеріне жұмыс жасауға кедергі келтірілгенін атады.
Айнаш ЕСАЛИ,
Алматы.

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12