Облыста бастамашыл топ қазақтың атақты батыры, мәмілегері Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатуды ұсынып отыр. Бұл игілікті іске талпыныс басталып та кетті. Облыста «Жәнібек-тархан» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылып, ерікті қаржы жинау қолға алынды.
ХҮШ ғасырдағы қазақ тарихы қолбасшы, мемлекеттік қайраткер, батыр Шақшақ Жәнібексіз айтылмайды. Ол туралы тарихи деректер Қазақстанда ғана емес, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Орынбор және Омбы қалаларындағы архивтерде сақталған. Қазақ жерінің бүтіндігін сақтауда Шақшақтың еңбегі зор, өз заманындағы қазақ хандарынан кем емес екенін айтады тарихшы ғалымдар.
Өткен жылы осылай бастамашыл топтың жұмысы арқасында жұртшылықтан жиналған демеушілік және қайырымдылық қаржыға қазақтың бас батыры Қобыландыға Қостанай қаласында ескерткіш орнатылды. Енді Шақшақ батыр келіп орнықса, тарихымызды тануда және ұлттық рухты көтеруде мұның кейінгі ұрпаққа берер танымы мол болары сөзсіз.
Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»
Қостанай
• 31 Қаңтар, 2017
Қостанайда Шақшақ Жәнібек батырға ескерткіш орнатылмақ

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді
Олимпиада • Бүгін, 03:05
Америкалық Mars компаниясы Қазақстанда үй жануарларына азық өндіретін зауыт салады
Президент • Бүгін, 02:35
Мемлекет басшысы Ashmore Group басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
Президент • Бүгін, 02:15
АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі
Президент • Бүгін, 01:56
Қазақстан мен АҚШ корпорациясы бірлескен инфрақұрылым жобаларын талқылады
Президент • Бүгін, 01:45
Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Футбол • Кеше