Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екі елдің қорғаныс ведомствалары арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланып, әскери кадрларды даярлау ауқымында өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу болашағы, әскери оқу орындарының курсанттар мен тыңдаушыларын өзара алмастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ басқа да бірқатар өзекті тақырыптар қозғалды. Еліміздің қорғаныс ведомствасының басшысы Төтенше және өкілетті елшіні әскери-техникалық ынтымақтастық аясында Қарулы Күштерге америкалықтар тарапынан жеткізілген төртінші «Хьюи» тікұшағы үшін алғысын білдірді.
Бүгінгі күні Қазақстан мен АҚШ әскери ынтымақтастығының контекстіне әскери-далалық медицинаны дамыту мен жеке құрамды даярлау шеңберіндегі өзара мүдделер кіреді. Екі елдің 2018-2022 жылдарға арналған жаңа бес жылдық жоспарының жобасында екіжақты әскери ынтымақтастықтың келешектегі мәселелері қамтылады.

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Кеше