31 Қаңтар, 2017

Үкімет бір аптада Жолдауға қатысты жалпыұлттық жоспар құрады

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет 7 ақпанға дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын орындау үшін жалпыұлттық жоспар əзірлейді. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін Үкімет отырысында осындай тапсырма берді. «Мемлекет басшысы Үкіметке Қазақстанның ұлттық технологиялық жаңғыртуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын дайындауды тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі жоспарды дайындауға дереу кірісуі қажет. Тимур Мұратұлы, (Ұлттық экономика министрі - агенттік) Сіз Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспарын дайындап, Үкіметке тез арада Елбасы Жарлығының жобасын енгізіңіз», - деді Сағынтаев Ұлттық экономика министріне тапсырма бере отырып. Сондай-ақ, Үкімет басшысы Президенттің əрбір тапсырмасының нақты мерзімдерін, оған жауапты лауазымды тұлғаларды белгілеп, Жолдаудың дер кезінде орындалуын қатаң бақылауға алу керек деген тапсырма берді. Сағынтаев жалпыұлттық жоспарды 7 ақпан күнгі Үкімет отырысында талқылап, қабылдайтынын мəлім етті.