31 Қаңтар, 2017

Білім және ғылым министрлігі оқыту сапасын жақсарту жөнінде ұсыныс әзірлейді

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауының төртінші үлкен бағытын іске асыру үшін Білім министріне бірқатар тапсырма берді. «Адам капиталын дамыту үшін ең алдымен, Президент білім беру жүйесін өзгертуді талап етіп отыр. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігіне оқыту сапасын жақсарту жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырамын. Әсіресе, ауылда»,- деді Сағынтаев. Үкімет басшысы бұл ретте Білім министрлігіне тегін кәсіптік білім беру жобасын пайдалана отырып, экомиканың перспективті салаларына арнап кадр дайындауды тапсырды. «Білікті ұстаздардың тапшылығына байланысты, Президент ағылшын тілін кезең кезеңмен енгізуді жүктеді. Президенттің тапсырмасы бойынша, тегін кәсіптік білім беру жөніндегі жоба іске қосылды. Бұл жерде жаңа экономиканың перспективті салаларына кадр дайынду мәселесіне назар салу керек», - деді Сағынтаев.