Кеше өткен кезектен тыс президент сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Шынын айтсам, қатты толқыдым. Бұл менің өмірімдегі туған елімнің келешегіне деген жеке жауапкершілігімді айқындаған сәт болды.
Қаскелең қаласындағы № 359 сайлау учаскесіне адам көп жиналды. Бәрінің көңілдері көтеріңкі, бір-біріне сыйластықпен қарап, жасына қарап, құрмет көрсетіп жатыр. Мен тәрізді жастар да едәуір. Өзім қазіргі Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әлішұлы Назарбаев үшін дауыс бердім. Өйткені, әрдайым «Ел болашағы – жастар» деп бізге қолдау көрсетіп, зор сенім артып келеді. Сол жастар легінде екендігімді әрдайым мақтаныш етемін.
Қазіргі кезде қаладағы В.Белинский атындағы орта мектептің 11-сыныбында оқимын. Сабағым жақсы. Алдағы жоспарларымның іс жүзіне асуы, әрине, елімдегі бейбітшілік пен саяси тұрақтылыққа байланысты. Тәуелсіз елім 20 жылда айтулы табыстарға қол жеткізді. Қаскелең қаласының сәулетінің өзі талайды тамсандырады. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы күрт өсіп, баспана мәселесі оң шешілген. Осы жерде кіндік қаны тамған Нұрсұлтан Әбішұлы біз үшін мақтаныш, біз жастар оған еліктейміз. Туған жеріміздің өркендеуіне үлес қосуды азаматтық парыз санаймыз. Сондықтан да жастар өз таңдауларын жасады. Сайлаудағы жеңіс – қарасайлық жастардың да жеңісі дегім келеді.
Жәния ДӘУЛЕТОВА.
Алматы облысы,
Қарасай ауданы.
***
Біз 2003 жылы Өзбекстаннан көшіп келдік. Әкем Жаңабай түрлі тірліктің тілін таба білетін бесаспап шаруа, ал анам Әзиза ісмер, киім пішіп, тігін тігеді. Отбасымызда бес қыз, бір ұл бар.
Менің жасым он сегізде. Биыл алғаш рет дауыс бердім. Таңдауымды да қателеспей, дұрыс жасадым деп ойлаймын. Өйткені тағдыр тәлкегіне ұшырап, басқа елге бетбұрған қандастарын туған елінің төріне шақырып, хал-қадерінше қамқорлық жасаған адамды біз ешқашанда ұмытпаймыз. Содан бері жиырма жылға жуық уақыт өтсе де көші-қон мәселесі мемлекет назарынан түскен емес. Бүгінде Қазақстан – қандастарын тарихи отанына қабылдаумен жүйелі айналысып, ол үшін мемлекет қазынасынан қомақты қаржы жұмсап отырған әлемдегі үш елдің бірі. Соның арқасында, міне, мен өзімнің төл отанымдағы ең бірінші сайлауға қатысу бақытына ие болып отырмын.
Басымызды түгендеп, тірлігімізді түзейтін, өткенімізді зерделеп, болашақты болжайтын кемеңгер басшысыз елдің ел болуы екіталай. Оны алыс-жақындағы оқиғалар анық көрсетіп отыр. Қазақ елі көреген басшысының арқасында тоқсаныншы жылдардағы қиындық құрсауынан аман-есен шыға білді. Екімыңыншы жылдың да экономикалық екпіні ерен. Бүгінде ел тізгінін дұрыс қақтырған сол дана саясат жер бетінде қазақ деген ел мен оның өзіндік тарихи даму жолы бар екендігін жер шарындағы өркениетті мемлекеттерге мойындатты. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, Астана Саммитін абыроймен өткізу соның жарқын мысалы. Басқа да ауыз толтырып айтар жетістіктеріміз қаншама десеңізші!
Мен еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық дамуға дауыс бере отырып, болашақта дәрігер болып, ел халқының сау-саламат болуына перзенттік парызымды қоссам деймін.
Нәзира ЖАҢАБАЙҚЫЗЫ.
Жамбыл облысы,
Байзақ ауданы,
Сарыкемер ауылы.

Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38