01 Ақпан, 2017

Жариялылық жемқорлықтың жолын кеседі

468 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елордадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Жем­қорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен «Жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікір, халықтың ойын қалыптастырудағы қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-тың рөлі» тақырыбында форум өтті. Жемқорлықпен күресте қоғам мен қоғамдық ұйымдардың, ақпарат құралдарының рөлін күшейту арқылы халықтың санасына әсер етуді мақсат еткен жиынға құқық қорғаушылар қауымы, БАҚ өкілдері мен ҮЕҰ жетекшілері  қатысты. Сондай-ақ, форум жұмысына Мемлекеттік қызмет саласын­дағы өңірлік хабтың басқарушы коми­тет төрағасы Әлихан Бай­менов те қатысып, сөз сөйледі. Сыбай­лас жем­қорлық – халықты қанау, кәсі­би­лікті құнсыздан­дыру, адал ең­бекті қорлау болып табы­­ла­тындығын баса айтқан ол, түптен келгенде, пара болып келе­тін қаржының барлығы қарапайым еңбек адамының – шаруа мен жұ­мыс­­­шының, мұғалім мен дәрі­гер­­­­­дің ақ адал маңдай тері желі­ніп, ұр­лануынан түсетіндігіне тоқтал­ды. «Қазір мемлекеттік органдар тарапынан шаралар қолданылуда. Ірі лауазым иелеріне қатысты істер қозғалуда. Бірақ жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігіне қатыс­ты қоғамдық пікірде әзірге сең қоз­­ғ­ала қоймады. Қоғамның мем­ле­­кеттік органдардың тазалы­ғы мен адалдығына сенім деңгейі әлі де болса төмен. Бұл өз кезегін­де тұрақ­ты дамуымыз бен мем­лекет­тігі­мізге қатер. Жемқорлыққа қар­сы тұру ортақ азаматтық пары­зы­­­мыз болуы тиіс», – деп атап өтті Ә.Байменов. Алқалы кеңесте сыбайлас жем­қорлықпен күрес билік қана емес, оған барлық азаматтар атсалыс­қанда ғана нәтижелі болатын­дығы баяндалды. Сонымен қатар, қоғамдық ағарту жұмыстары, мәсе­лен, адал мемлекеттік қызмет­керлер мен пара бермейтін кәсіп­керлер­ді дәріптейтін акциялар ұйымдастыру, оларды бұқара­лық ақпарат құралдары арқылы насихат­тау қажеттігі де сөз болды. Ашық пікір алмасу пішімін­де  өрбіген жиында Ә.Байменов мемле­кеттік инвестиция, мем­лекет­­тік тапсырыспен қатар, қоғам­­­дық игіліктерді бөлу, пәтер кезе­гін немесе жер телімдерін беру ісі әлі де ашықтық пен жариялы­лық­ты қажет ететінін алға тартты. Айта кетейік, Мемлекеттік қыз­мет саласындағы өңірлік хаб тиісті мемлекеттік органдармен бір­лесе отырып, халықаралық са­рап­­­шы­лардың қатысуымен мемле­кет­­тік органдардың баспасөз қыз­метші­лері мен журналистер­дің білікті­ліктерін арттыратын семи­нар­лар ұйымдастыруды көз­деп отыр. Сондай-ақ, ақпан айында Грузияда өтетін Хабтың семи­нарына мем­лекеттік қызметші­лермен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталық өкілдері де қатыс­тырылады деп жоспарланған. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»