01 Ақпан, 2017

Атырауда 2016 жылы әлеуметтік желіде суицидті насихаттайтын 28 топ бұғатталды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау прокурорлары әлеуметтік желілерде суицидалды топтар мен порносайттарды бұғаттау бойынша жұмыстардың нәтижесін жариялады, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. «Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 2016 жылы кемелетке толмағандар арасында суицидті насихаттайтын, жасөспірімдерді өзін-өзі өлтіруге үндейтін 28 топ бұғатталды. Сондай-ақ прокурорлардың ұсынымымен облыста 8 порносайт пен кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығына қарсы бағытталған 11 қоғамдастық жабылды. Атырау облысында әлеуметтік желілерде суицидті насихаттайтын топтардың бұғатталуы нәтижесінде жасөспірімдер арасында қайғылы оқиғалар 29 пайызға азайды. Сондай-ақ өңірде жасөспірімдердің жыныстық қол сұқпаушылығына қарсы қылмыстардың саны 26 пайызға төмендеді», - делінген хабарламада.