04 Сәуір, 2011

Ұлы көршілердің басшылары құттықтады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Н.Ә.Назарбаевқа

Сіздің Қазақстан Республикасы­ның Президенті қызметіне қайта сай­лануыңызға орай шын жүректен шық­қан құттықтауымды қабыл алыңыз. Сайлаудағы   бұлтартпайтын жеңі­сіңіз Сіздің өз халқыңыздың шынайы көшбасшысы ретіндегі лайықты абы­ройыңызды тиянақтай түседі. Достас Қазақстанның кейінгі жылдарда әлеу­меттік-экономикалық салада, мемлекеттік құрылыста, халықаралық аренада  қол жеткізген елеулі табыстары Сізге жалпыұлттық қолдау мен сенімді қамтамасыз етті. Сіздің Ресей-Қазақстан арасын­дағы тату көршілік пен өзара құрмет­тің берік дәстүрлеріне арқа сүйейтін стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету мәселелеріне ұдайы назар аударатыныңызды жоғары бағалай­мын. Екі жақтың ерік-жігерінің арқа­сында көп қырлы өзара ықпалдастық алдағы кезде де серпінді дами беретініне, жаңа ауқымды жобалармен байи түсетініне күмәнданбаймын. Қазақстанның өңірлік ықпалдас­тық ынтымақтастықты дамытуға та­бан­ды бағыт ұстауын барша мойын­дайды. Біздің елдеріміздің Кеден Одағының жұмысын қамтамасыз ету және ЕурАзЭҚ аясында Біртұтас эко­номикалық кеңістік қалыптастыру, ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ бойынша байланыстарды нығайту мәселеле­ріндегі жұмысын тығыз үйлестіре жүргізуі өзінің тиімділігін талай рет дәлелдеген. Біздің бірлескен жұмы­сымызды ықпалдастықтың жаңа кезе­ңіне – Еуразиялық экономикалық одаққа ауысу бойынша жалғастыру маңызды. Ресей-Қазақстан одақтастық қаты­нас­тарының қуатты әлеуеті алдағы кезде де біздің елдер халықтарының, тұрақты даму мен еуразиялық кеңіс­тікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету   мүдделері тұрғысынан табысты жүзеге аса беретініне сенемін. Мықты денсаулық және тың табыстар тілеп,

Д.МЕДВЕДЕВ.

Мәскеу қаласы,  Кремль

2011 жылғы 4 сәуір.