01 Ақпан, 2017

Астаналықтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыруға жұмыс берушілерден өтінініштерді қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Бүгінде 36 ұйыммен 264 әлеуметтік жұмыс орнын құруға келісімшарт жасалды, - деп хабарлады елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы. Әлеуметтік жұмыс орынына қатысу ұзақтығы 12 айдан артық болмауы тиіс. Әлеуметтік жұмыс орынындағы жұмысшылардың жалақысына кеткен жұмыс берушілердің шығынының компенсациясы бекітілген жалақы мөлшерінің Қазақстан Республикасының бюджетіндегі қаржылық жылға бекітілген ең төменгі еңбекақының 35 пайызынан артық емес түрде болады. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың ішінде айқын басымдылыққа халықтың әлеуметтік осал топтары басымдыққа ие болады.