Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты Сізге шын жүректен шыққан құттықтауым мен ең ізгі тілектерімді жолдаймын.
Сіз, Жоғары мәртебелі, мемлекет тізгінін қолға алған уақыттан бері елде қоғамдық тұрақтылық пен экономиканың жоғары өсу серпіні сақталып келеді, халықтың әл-ауқаты ұдайы артуда, Қазақстанның халықаралық жағдайы анағұрлым нығаюда. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқы мемлекетті еңселенту мен дамыту ісінде жаңа, анағұрлым маңызды табыстарға қол жеткізетініне сенемін.
Қытай мен Қазақстан тату көршілер, жақсы достар мен сенімді әріптестер болып табылады. Дипломатиялық қатынастар орнатылғалы бергі 19 жылдың ішінде біздің елдеріміздің арасындағы қатынастар жағымды арнада дамып келеді. Саяси салада өзара құрмет пен өзара сенімнің жоғары деңгейі, ал экономикалық салада өзара тиімділік пен бірлесе дамуға негізделген ынтымақтастық жолға қойылған. Алмасу мен ынтымақтастық әртүрлі салаларда бой көрсетуде, көпжақты аяда тығыз өзара ықпалдастық пен үйлестіру қолдау табуда. Қытай жағы біздің елдеріміздің арасындағы көптен қалыптасқан достық қатынастарды жоғары бағалайды. Мен Сізбен бірлесе отырып стратегиялық әріптестіктің Қытай-Қазақстан қатынастарын біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін мұнан да жоғары деңгейге көтеруге талмай күш-жігер жұмсауға дайынмын.
Сізді Өзіңізге ыңғайлы уақытта Қытайға демалысқа шақыруды мәртебе көремін.
Жоғары мәртебелі, Сізге мықты денсаулық және жұмыста табыс тілеймін.
Қазақстан Республикасына қуаттылық пен өркендеу, ел халқына бақыт пен игілік тілеймін.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао
2011 жылғы 4 сәуір, Пекин қаласы.