05 Сәуір, 2011

Халық өз таңдауын жасады

605 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сонымен, көптен күткен президенттік сайлау да өз мәресіне жетті. Республика жұртшылығы секілді Солтүстік Қазақстан об­лы­сының тұрғындары да кезектен тыс саяси науқанда айқын ба­сымдылықпен ұзап шыққан Ел­басы Н. Назарбаевтың саяси же­ңісіне қолдау көрсету мақсатымен Петропавл қаласындағы орталық алаңға жиналды. Алаңға кел­ген­дердің қай-қайсысы болсын Ұлт Көшбасшысы үшін дауыс бергенін мәртебе тұтатындарын жа­сыр­мады. Митингте бірінші болып сөз алған аймақ басшысы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиа­лы­ның төрағасы Серік Біләлов сол­түстікқазақстандықтардың таң­дау­д­ан қателеспегенін, өйткені тәу­елсіздік алғаннан бергі 20 жыл­ды Президентсіз көзге елестету мүмкін еместігін алға тарта келіп, әлем мойындаған тұлғалы саясаткер бұдан былайғы күш-жігерін, қарым-қабілетін Қазақ­стан халқына арнай беретінін атап көрсетті. Бүгінгідей айрық­ша тарихи сәт әрқайсымызға үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейтінін ұмытпайық, деді Серік Сұлтанғазыұлы. Одан кейінгі сөз Солтүстік Қа­зақстан облысының құрметті аза­маты Анатолий Спицынға берілді. Мәскеулік қонақ ширек ғасыр­ға жуық Қызылжар өңірінде бас­шылық қызметтер атқарған. Елі­міз­дің басшысымен де істес бол­ған. Ол Ресей тарапынан бай­қау­шы болып қатысқанын, Елбасы­ның бедел-құрметіне деген рия­сыз сезімін жасыра алмады. Н. Назарбаев халықтың әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуда іргелі ре­фор­малық қадамдар жасағанын, алда да осы бағытта көп іс шаралар тындырылатынына сенетінін атап өтті. Облыстық сайлау ко­миссиясы төрағасының орынба­са­ры Григорий Кухарь Жолдаудан туындайтын талаптарды орын­дау­дағы солтүстікқазақ­стандықтар­дың үлкен белсенділігіне тоқтал­са, қалалық мәслихаттың депута­ты Жанкелді Тәжин осы сайлауда ұлттар мен ұлыстардың бірауыз­дылығы, бірлігі мен ынтымағы салтанат құрғанын жеткізді. Об­лыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Жамал Ахметова, «Леонтьев» ЖШС-нің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Сергей Леонтьев, кардиология­лық орталық директорының ор­ын­басары Бейбіт Мұстафина, академик М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті Елена Косенкова өз сөздерінде болашаққа деген сенімдерін осы сайлау одан әрі жігерлендіре түсетіндерін мә­лімдеді. Митинг соңы жергілікті көр­кем­өнерпаздардың концертіне, ән-думанға ұласты. Қазірдің өзінде Солтүстік Қа­зақ­стан облысы бойынша дауыс берудің алдын-ала қорытын­ды­ла­ры белгілі болды. Сайлаушы­лар­дың 92,3 пайызы сайлау учас­келеріне келіп, «Нұр Отан» ХДП аты­нан президенттікке үм­іт­к­ер ретінде ұсынылған Нұр­сұл­тан Әбіш­ұлы Назарбаевтың кандидатурасы үлкен қолдауға ие болды. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.