Ел өміріндегі аса маңызды оқиғаның бірі – кезектен тыс президент сайлауы күні мұнайшылар қауымы да белсенділікпен дауыс берді. Қазақтың «қара алтынын» барлап, өндірумен айналысатын отандық оператор – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-қа қарасты «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдарының жұмыскерлері болашаққа таңдау жасады.
Жүз мыңнан астам тұрғыны бар Жаңаөзен қаласында 27 сайлау учаскесі сайлаушыларға есігін айқара ашты. Шын мәнінде мұнайшылар қаласына айналған шағын ғана қалада дауыс беру үдерісі аса ұйымшылдықпен өтті. Қаланың тыныс-тіршілігі тікелей мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан, олардың көпшілігі таң сәріден дауыс берді. Ал сайлау учаскелері ашылмай жатып, вахтаға кеткен мұнайшылар үшін түскі үзіліс кезінде көлік тасымалдары ұйымдастырылды. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бүгінгі таңда Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жұмыс істеп жатыр. Айтар болсақ, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында активтері бар. Сондықтан да кәсіпорын басшылары жұмыс уақытының көп бөлігін Астанадағы кеңседе емес, өндірістік нысандарда өткізеді. Жұмыс сапарымен «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына келген «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының бірінші орынбасары – Ақтау қаласындағы жедел басқару тобының жетекшісі Владимир Мирошников, Қызметкерлер және әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Тарас Хитуов та Жаңаөзен қаласында дауыс берді.
– Бүгінгі күн – біздің еліміз үшін өте маңызды күн. Мен бүгін еліміздегі тұрақтылықты жақтап, алдағы 20-30 жыл ішінде Қазақстанның қарқынды дамуы жөніндегі жоспарларды және реформалардың жалғасуын қолдап дауыс бердім. Мен тек қана Жаңаөзен мұнайшылары ғана емес, сонымен қатар еліміздің тұрғындарының басым көпшілігі осындай таңдау жасайтынына сенімім мол, – деді Қызметкерлер және әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор Тарас Хитуов.
Ал қазақ мұнайының қара шаңырағы Атырау облысында да дауыс беру жақсы дайындықпен өткізілді. «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында сайлау күні 1400-дей мұнайшы вахтада болды. Олар үшін арнайы ұйымдастырылған рейстердің арқасында мұнайшылардың барлығы түскі сағат 14.00-ге дейін бір кісідей дауыс беруге қатысты.
Зарина АМРАЕВА.
«Өзенмұнайгаз» ӨФ жас мұнайшысы Қуандық Өсеров алғаш рет дауыс берді.

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12