05 Сәуір, 2011

Қазақстан – үлгі алуға лайық ел

412 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше «Дипломат» қонақүйінің «Бәй­терек» залында Қазақстан Рес­пуб­лика­сының кезектен тыс президенттік сайла­уына ТМД елдерінен қа­тысқан бай­қаушылар жур­налистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Мәслихатқа ТМД атынан қа­тысқан байқаушылардың барлы­ғы­ның пікірі бір ізден шықты. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде электронды және мерзімді БАҚ-тарда барлық үміткерлер үшін бірдей жағдайлар жасалғаны, кө­шелерге ілінген билбордтар мен плакаттарда да теңдей орын берілгенін және кешегі өткен сайлау кезінде еш­қандай заң бұзылу­шы­лық орын ал­мағанын баса айтты. Қазақстан халық­аралық норма­лар­ға сәйкес,  әлем­дік стан­дарт­тар­ға жауап беретін сайлау өт­кізді, біз азаматтық парыз­дарын өтеуге құлшыныстарын көр­сеткен барша қазақстандықтарды құт­тық­тай­мыз, деп бастады өз мә­лім­демелерін олар. ТМД байқаушылары атынан ортақ ойымызды қағазға түсірдік, ол жақын күндерде өздеріңізге мәлім болады, деген ресейлік Сергей Лебедев дауыс беру кезінде кейбір техникалық кем­шілік­тер­дің байқал­ғанын, алайда олар­­дың өзі сол уа­қытында-ақ шешіліп отырғанын айтты. Беларусь елінен келген бай­қау­шы Николай Лозовик: «Біздің елімізде сайлау науқаны басталысымен саяси шиеленіс алдымыздан шығып оты­рады. Бұл тек біздің елімізде ғана болатын жағдай емес. Сайлау ал­дында саяси партиялар өздерінің билікке қарсылықтарын айтып, нара­зылық­тарын білдіріп жатады. Аза­мат­тардың өзі жеке бастарының проблемаларын осындай кезде оңтай­лы пайдаланып айтып қалады. Кейбір елдерде сай­лауды сындарлық мақсат­қа емес, қайта сол елдің консти­туциясына сәйкес­пейтін амалдарды қолдану арқылы билікке қол жеткізуге ұмтылып, билікті құлатуға дейін барады. Ал Қазақ­станда біз қайта сайлау науқанында қоғамның біріге түскенін көрдік. Біздің республикадан байқаушы ретінде 16 адам қаты­насты, маған олардың барлығы сайлауда заң бұзылма­ған­дығын жеткізді. Біз сайлау өте жоғары деңгейде өтті деп бағалаймыз», деді. Сергей Лебедев: «Көп ретте біздерді, яғни ТМД байқаушыларын еу­ропалықтар сынап та қалады. Алай­да, еуропалықтар ортақ бір тілде ұғыны­сатын біздердің бір-бірі­мізге жақын діліміз бар екенін түсіне бермейді. Мәселен, кеше бір сондай байқаушы ерлі-зайыптылардың каби­наға бірге кіргенін көріп, тобымен дауыс беру орын алды деп жатыр. Ал ТМД елдеріндегі ерлі-зайыпты­лар­дың  арасын­дағы қарым-қатынас әрине батыс­та­ғыдан өзгеше. Тағы бір мысал. Бельгия­да азаматтарды міндетті түрде дауыс беруге мәжбүр­лейтін заң бар. Егер екі рет келмесе, әкімшілік жаза, ал үшінші рет келмесе, қылмыстық жаза қолдану қарасты­рылған. Ал Қазақ­стан­дағы адам­дар­дың дауыс беруге кезекке тұруы оларда мүлдем бол­майтын жағдай. Сондықтан демократия дегеніміз, біреуден біреуге кө­шіріп ала қоятын нәрсе емес. Сайлау қазақстан­дық­тардың бүгінгі жеткен жетістіктерін бағалайтынын, оны әрі қарай Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шылы­ғы­мен жалғастыра беретіндігін көрсетті. Кезегімен сөз алған ТМД байқаушылары  қазақстандықтар үлгі алу­ға әбден лайықты деп тарасты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.