05 Сәуір, 2011

Түркиядағы дауыс беру

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
3 сәуірде Анкара, Ыс­­тамбұл және Анталия қа­лаларында Қа­­зақстан Рес­публи­ка­сының кезектен тыс президенттік сайлауы бойынша дауыс беру өтті. Дауыс бер­ген­дердің саны 800-ден астам адамды құрады. Сайлау пункттері заң­нама талаптарына сай жаб­дықталды және жергілікті уақыт бойынша таң­ғы сағат 8.00-ден жұмыс­та­рын бастады, дауыс беруге қатысушыларға президенттікке төрт үміткер туралы толық ақпарат берілді. Көптеген қазақстандық азаматтар дауыс беруге Түркияның Измир, Бурса, Ескишехир, Кония, Кайсери және тағы басқа қала­ларынан келді. Сайлау­шылардың басым көпші­лігі сайлауға күннің бірінші жартысында қатысты. Түркия жоғары оқу орын­дарында оқитын қазақ­стан­дық студенттер белсенділік танытты. Аталған факт ел алдындағы азамат­тық борыштың көрінісі бо­лып табылады және студенттік жастардың саяси жетілуінің өсіп келе жат­қанын көрсетеді, деп хабарлады Қазақстан Рес­публикасының Түрік Рес­пуб­ликасындағы елшілігі.