05 Сәуір, 2011

Шынайы сенім айғағы

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президенттік сайлау заң талаптарына сай ашық және әділ өтті. Ал оның басты нәтижесі – өткен сайлау Қазақстан халқының бірлігін, ынтымағын тағы да айқын дәлелдеп берді. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеңіске жетуі – ол бүкіл еліміз, бүкіл халқымыздың күткен ұлы жеңісі! Себебі, Қазақстан халқы өзінің болашағын, бейбіт өмірін, өсіп-өркендеуін тек қана еліміздің дара да дана басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланыстырады. Және де сол арқылы халқымыз өз Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген шынайы сенімі мен сөзсіз қолдауын тағы да көрсетті. Нұрлан НЫҒМАТУЛИН,  «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары.