Биік баға
ПА делегациясы (ЕКПА) 2011 жылдың 3 сәуірінде болып өткен Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын қуана құттықтайтыны айтылған. Сайлауға жауапты лауазымды адамдар өз жұмыстарын тиімді ұйымдастырып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Біз байқаған сайлау учаскелері сайлауды өз деңгейінде өткізу үшін барлық жағдай жасалғандығымен ерекшеленді. Жалпы, сайлау ауаны іскерлік жағдайын байқатты. Адамдардың сайлау учаскелеріне келуі жоғары деңгейде болды, бұл жұртшылықтың үдеріске сенімділігін көрсетті.
Делегация БАҚ-тарда сайлауалды науқаны теңдестірілген жағдайда өткендігін айғақтайтын тәуелсіз байқаушылардың ақпараттандырылуынан да айқын көрінді. Сайлау үдерістері жұртшылықтың аталған науқанға кең көлемде дайындалғандығын анық көрсетіп берді, делінген мәлімдемеде.
Осы уақытта ЕКПА делегациясы теңдей емес сайлау жағдайына, кейбір саяси күштердің сайлауға бойкот жариялау туралы шақыруларына алаңдаушылық білдіріп, электорат үшін сайлау қысқарған тұрғыда өтті. Соған қарамастан, соңғылар Қазақстанда күшті оппозиция құру қажеттігін атап көрсетті. Сондықтан ЕКПА Қазақстандағы саяси мәдениеттің одан әрі дамуына септесуге әркез дайын. Бұл өз кезегінде саяси тұғырнамалардың кең мүмкіндігін таңдауға көмектеседі. Сонымен бірге, бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда үдерістің өз деңгейінде өткенімен, шынайы демократия мәртебесін иелену үшін Қазақстанға әлі де болса кейбір нәрселерді жақсартқан артықтық етпейді.
ЕКПА Қазақстандағы сайлауларға бұған дейін-ақ байқау жүргізген болатын. Соған орай сайлаудан сайлауға дейінгі ахуалдың жақсы жағына қарай өзгергенін қанағат сезімімен атап көрсетеді. Делегация кез келген елдегі сайлауларда көрініс беретін кейбір кемшіліктерге қарамастан, бұл сайлаудың нәтижелері қазақстандық сайлаушылардың еркін шын мәнінде анық көрсететінін атап өтеді.
Қазақстан Еуропа Кеңесінің мүшесі болып табылмайды, дей тұрғанмен, ел Парламенті ЕКПА-мен ынтымақтастығын жалғастыруға ықыласты. Қазіргі кезде Еуропадағы ең көне халықаралық ұйым мен Қазақстан арасындағы байланысты одан әрі кеңейтудің мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.
Бес мүшеден тұратын ЕКПА-ның партияаралық делегациясы Қазақстанда Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың шақыруы бойынша болды. Ол президенттікке кандидаттар, саяси партиялар, сондай-ақ БАҚ-тар және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулер өткізді. Сондай-ақ делегация Қанат Саудабаевтың қабылдауында болды. Сайлаудан кейінгі күні делегация басшысын осы сайлауда президенттікке кандидат ретінде қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.