06 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бұйрығы №38

607 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2011 жылғы 28 ақпан  Астана қаласы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ғ.Т.Телебаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр М. ҚҰЛ-МҰХАММЕД.   Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №38 бұйрығымен бекітілген   Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері 1. Қазақстан Республикасының тіл туралы заң­дарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәре­жесін бағалау критерийлері (бұдан әрі критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақы­лау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаң­тар­дағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағын мен «Қазақстан Респуб­ликасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын орындау үшін әзірленген. 2. Осы критерийлерде мынадай ұғым пай­даланылады: 1) бақылау субъектісі – қызмет барысында іс жүргізуде тілдерді Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес қолданатын орталық және жергілікті атқарушы органдар; 2) тәуекел – орталық және жергілікті атқару­шы органдар тарапынан тіл туралы заңна­ма­лардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шара қолданбауы. 3. Тәуекел дәрежесіне байланысты субъекті­лер мынадай жоспарлы тексеріс жүргізу мерзімділігімен жоғары, орташа және болмашы тәуекел топтарына жатады: объектілердің жоғары дәрежелі тәуекелінде – жылына бір реттен; объектілердің орташа дәре­желі тәуекелінде – үш жылда бір реттен; объектілердің болмашы дәрежелі тәуекелінде – бес жылда бір реттен жиі емес. 4. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері болмашы тәуекел дәрежесіне жатқызылады. 5. Бұдан әрі тексеру нәтижелері бойынша критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектісі тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына бөлінеді: 1) тәуекел дәрежесінің болмашы тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден 5-ке дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады; 2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 6-дан 11-ге дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады; 3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 11 баллдан жоғары жинаған бақылау субъектілері жатады. 6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады: іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзы­луы – 1 балл; көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы – 2 балл; азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы – 3 балл; құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі – 4 балл; актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы – 5 балл. –––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2011 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6827 болып енгізілді.