2011 жылғы 10 наурыз Астана, Үкімет Үйі
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы
«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды аса қауiптi инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.МӘСIМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы «10» наурыздағы №241 қаулысымен бекiтiлген
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы (бұдан әрi – Қағида) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне эпизоотияға қарсы шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртiбiн анықтайды.
2. Ағымдағы нысаналы трансферттер 053 «Эпизоотияға қарсы шаралар, жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы және созылмалы ауруларының ошақтарын жою» бюджеттiк бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) орталықтандырып сатып алған ветеринариялық препараттарды тасымалдауға, уақытша сақтауға және қолдануға байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды:
1) ветеринариялық препараттарды;
2) ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау;
3) ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруды көздейдi.
3. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ағымдағы нысаналы трансферттер Министрлiк бекiтетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының алдын алу және диагностикасы жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралардың 2011 жылға арналған жоспарында (бұдан әрi – Ветеринариялық iс-шаралар жоспары) көзделген iс-шараларға бөлiнедi.
Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
2. Эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
5. Министрлiк республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, Ветеринариялық iс-шаралар жоспарының негiзiнде, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы ағымдағы трансферттердi аударады.
6. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм, төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары, сондай-ақ Ветеринариялық iс-шаралар жоспары негiзiнде республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдағы трансферттердi аудандардың (облыстық маңызы қалалардың) бюджеттерiне аударады.
7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi ветеринарлық препараттарды уақытша сақтау, ветеринариялық препараттарды қолдану бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
8. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау Астана, Ақтөбе және Алматы қалаларында орналасқан франко-қоймалардан жүзеге асырылады.
9. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық препараттарды аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес, Ветеринариялық iс-шаралар жоспарына сай бөлудi жүзеге асырады.
10. Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi ветеринариялық препараттарды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi қызметтердi көрсетушiлер арасында ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес, Ветеринариялық iс-шаралар жоспарына сай бөлудi жүзеге асырады.
11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармаларында (бұдан әрi – басқармалар), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерiнде орындалған жұмыстарды бағалау комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) құрылады.
Басқармалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi (бұдан әрi – Бөлiм) Комиссияның жұмыс органдары болып табылады.
12. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөнiндегi, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөнiндегi, ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi қызметтердi көрсетушiлер Ветеринариялық iс-шаралар жоспарына сәйкес ай сайын жұмыстардың орындалуына қарай, бiрақ 2011 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрмей Бөлiмге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлген қызметтердi бағалау актiлерiн;
2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлген қызметтердiң актiлерiн.
13. Бөлiм ай сайын құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде, бiрақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей осы Қағиданың 12-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжаттарды тексередi. Олар осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жиналған құжаттарды басқармаға, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерiне қарауға және ақы төлеуге ұсынады.
14. Ұсынылған құжаттар осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде сәйкес келмеу себептерiн сипаттай отырып, оларды ветеринариялық препараттарды тасымалдау, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөнiндегi, ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi қызмет көрсетушiлерге пысықтауға қайтарады.
15. Көрсетiлген қызмет үшiн тиiстi қызметтер көрсетушiлердiң банктiк шоттарына қаржылай қаражат аударуды басқарма, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлiмi төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екі данада төлем шоттарының тiзiлiмiн және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
16. Басқармалар министрлiкке ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, ал қаражат толығымен игерiлмеген жағдайда себебi көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының, пайдаланылуы туралы есептердi ұсынады.
17. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi министрлiкке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 30 шiлдеден кешiктiрмей аралық есептi, ал жылдың қорытындылары бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы қорытынды есептi ұсынады.
18. Министрлiк Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келiсiм негiзiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң аударылмағаны үшiн жауапты болады.
19. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшылары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердiң ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жасалған келiсiмге сәйкес пайдаланылмағаны, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жетпегенi, алынған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткен тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептi бермегенi үшiн жауапты болады.
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасына 1-қосымша
Көрсетiлген қызметтердi бағалау актiсi
__________________________ 20__ж. «__» __________
(облыс, аудан, елдi мекен)
__________________________________________________ құрылған комиссия,
(Комиссияның кiмнiң шешiмiмен құрылғаны, шешiмнiң күнi және нөмiрi көрсетiлсiн)
құрамында: Комиссия төрағасы,________________________________________
(Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
Комиссия мүшелерi,___________________________________________________
(Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
сондай-ақ 20__ж. «__» _________ № _____________________ сенiмхатқа сәйкес
__________________________________________ мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi
(қызметтер көрсетушiнiң толық атауы)
__________________________________________ мынадай қорытынды жасады:
(Т.А.Ә.)
Қызметтердiң толық атауы |
Көрсетiлген қызметтiң қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бiрлiгi |
Көрсетiлген қызметтердiң көлемi |
Бiрлiк бағасы
(теңге) |
Сомасы
(теңге) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көрсетiлген қызметтердiң қосымша сипаттамасы:
____________________________________________________________________
(атап шығыңыз)
Көрсетiлген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз). __________________________________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы _______________________ (Т.А.Ә., қолы)
Комиссия мүшелерi _______________________ (Т.А.Ә., қолы)
Қызметтер көрсетушiден _______________________ (Т.А.Ә., қолы)
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасына 2-қосымша
Көрсетiлген қызметтердiң актiсi
__________________________ 20__ ж. «__» ___________
(облыс, аудан, елдi мекен)
Бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын ______________________________ (мекеме атауы)
атынан 20___ ж. «__» _________ № ____________ бұйрығы негiзiнде әрекет ететiн _______________________________________ және бұдан әрi «Қызметтер
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
көрсетушi» деп аталатын _______________________________________ атынан
(қызметтер көрсетушiнiң толық атауы)
20__ж. «__» ______ № _______ Жарғы (сенiмхат) негiзiнде әрекет ететiн ____________________________ 20__ж.«____» ______ көрсетiлген қызметтердi
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
бағалау актiсiне сәйкес төмендегi туралы осы Актiнi жасады. Қызметтер көрсетушi оның және Тапсырыс берушiнiң арасында жасалған
20__ж.«____» _________ № _________________ Шартқа сәйкес мынадай сипаттамадағы қызметтердi көрсеттi:
Қызметтердiң толық атауы |
Көрсетiлген қызметтiң қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бiрлiгi |
Көрсетiлген қызметтердiң көлемi |
Бiрлiк бағасы
(теңге) |
Сомасы
(теңге) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көрсетiлген қызметтердiң қосымша сипаттамасы:
____________________________________________________________________
(атап шығыңыз)
Көрсетiлген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз) ___________________________________________________________________________________________________
1. Алынған тауарлардың жалпы құны _____________
2. Аванс сомасы _____________
3. Бұрын актiленген сомасы _____________
4. Төлеу керегi _____________
Тапсырыс берушi үшiн Қызметтер көрсетушi үшiн
____________________________ ___________________________
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы) (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
____________________________ ___________________________
(қолы, мөртаңбасы) (қолы, мөртаңбасы)