Саяси ғылымдар докторы, «Еуразиялық қозғалыстың» жетекшісі Александр Дугин посткеңестік кеңістікте Қазақстан өзінің мемлекеттік үлгісін аса табысты орнықтыра білді деп есептейді.
Оның сөзіне қарағанда, Грузия қауқарсыз мемлекет. «Украинаның, Ресейдің, Белоруссияның көзқарастары түрлі болуы мүмкін, мәртебелері туралы да әртүрлі айтуға болады. Бірақ, егер посткеңестік кеңістігінде өзінің мемлекеттік үлгісін талассыз қалыптастырған, ол – Қазақстан», деп мәлімдеді Александр Дугин «Актуальные комментарии» басылымына берген сұхбатында. Бұл мемлекет өзінің тиімділігін және өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Сарапшының пікірінше, қазақ қоғамы өзінің Орталық азиялық қоғамда жаңарғандығын, озықтығын, байлығын, технологиялығын және еуропалық стандартқа сәйкестігін табысты айғақтады. Екінші жағынан Қазақстанның этностық, діни және мәдени ерекшелігін есепке ала отырып, айқын, сондай-ақ ашық деңгейдегі принципін жоғары деңгейде көрсете білді.
Бұл жерде біз Назарбаевтың басшылығымен этносаралық тепе-теңдік моделі алға шыққанын көріп отырмыз, деді әрі қарай сарапшы. Қазақ ұлтының бастауынан, басқа этностардың қазіргі заманғы Батысқа деген ашықтығы көрінеді. Бұл көрініс Назарбаевтың қайта сайлануымен елдің табыстарынан куә етеді. Оған мұнайы мен табиғи ресурстарының молдығы қосыла келіп, ең бастысы, халықтың өз жетекшісіне деген шынайы сенімі қосылды. Сондықтан аталған осы көзірлер Қазақстанды және оның Көшбасшысын әлемге мойындатты.
Сарапшының атап өткеніндей, 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың бас кезіндегі қиындықтардан, сондай-ақ көрініс беруі мүмкін этносаралық қақтығыстардан Н.Назарбаев елді оған ұрындырмай алып шықты. Дугиннің сөзі бойынша, егер Қазақстан басшысының ұстанған саяси бағытының сол кезде-ақ дұрыстығы болмағанда, Қазақстанда этносаралық кикілжіңдер, ұлтаралық қайшылық, әлеуметтік теңсіздік орын алуы мүмкін еді. Қазақстан Президенті осыны бастапқы кезде-ақ анық болжап, өзінің салиқалы саясатының нәтижесінде бұған жол бермеді.
Қазақтар бұл қоғамда 20 жылдан бері тыныштықта өмір сүріп келеді, деп жалғастырады сөзін сарапшы. Назарбаев өз мемлекетінің кемесін дұрыс басқарып келеді. Қазақстан Кеңестер Одағының тұсында бүгінгідей өркендей алмады. Ал қазіргі кезде бұл елдің экономикалық даму қарқынын, саяси тұрақтылығын көршілері Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен салыстыруға мүлде келмейді. Осы жетістіктердің барлығын бұл елдің Президентінің көрегенділігімен байланыстырған жөн.
А.Дугиннің пікірінше, қазақтар оның басшысының тиімді әрекет етуінің нәтижесінде барлық қиындықтарды артқа тастады, барлық қатерлерден немесе қауіптерден айналып өтті. Сондықтан да Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі өз Көшбасшысына дауыс берді. Сондай-ақ қазақстандықтар өз өмірлерінің әрі қарай жақсаруына өз таңдауларын жасады. Бұл сайлау қазақстандықтардың ауызбірлігін әлем жұртшылығына тағы бір көрсетіп берді. Президент Назарбаевтың әкімшілігі елдегі саяси партияларды, саясаткерлерді, үкіметтік емес ұйымдарды қолдап отырды. Қазақстанда Назарбаев демократиялық, әлеуметтік баламасы жоқ беделді тұлға екендігін тағы дәлелдеді.
«Актуальные комментарии» хабарлағанындай, өткен жексенбіде Қазақстанда президенттік сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала жасаған мәліметтері бойынша, Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Сайлаушылардың дауысы мынадай болып бөлінді. Жамбыл Ахметбековке сайлаушылардың 1,4 пайызы, Мэлс Елеусізовке 1,2 пайызы, Ғани Қасымовқа 1,9 пайызы, ал Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлаушылардың 95,5 пайызы дауыс берді. Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президенттік сайлауды тарихи оқиға деп бағалады.
«Актуальные комментарии».